Қаулы жоба

Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабының                              7) тармақшасына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының  2 тармағына, 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының    6) тармақшасына,  27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына» сәйкес, Созақ ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Аудан әкімі                                                           С.Полатов

Дата публикации
03 ноября 2021