Қыземшек кентінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Қыземшек кентінің 2021-2023 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Кенттің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Кент бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Кент бюджетінің түсімдері;
  • Кент бюджетінің шығыстары.

 

 

Қыземшек кентінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны 4921 адамды құрады.

Жер көлемі. Кенттің жалпы жер көлемі 23231,28 гектарды құрайды, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 22682,33 гектар, оның ішінде егістік көлемі 671,46 гектар, жайлымдық көлемі 22010,87 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Кенттің ірі қара саны 779 бас, қой мен ешкі 4374 бас, жылқы 908 бас, түйе 41 бас құрайды.

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы кооперативі, 5 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлер саны -55.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

 

2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:

 

жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 17641 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 40 441 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2 917 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021-2023 жылдарға арналған Қыземшек кенті

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Кент бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

 

Кент бюджетінің түсімдері және шығындары

 

2021-2023 жылдарға арналған кент бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Кент бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сүру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Кент бюджеті облыстық әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №6026 нөмірімен енгізілген, Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсан №379 шешімімен бекітілді.

 

2021-2023 жылдарға арналған кент бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

44 630

34 747

36 062

Салықтық түсімдер

23 373

23 632

24 927

Салықтық емес түсiмдер

1 588

1 618

1 638

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

19 669

9 497

9 497

Субвенция

19 669

9 497

9 497

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

44 630

34 747

36 062

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

39 430

31 865

31 880

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

5 000

2 682

3 982

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

200

200

 

2021-2023 жылдарға арналған кент бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

 

 

Кент бюджетінің шығындары

 

Жоспарланған 2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Әлеуметтік сала шығындары

 

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

 

2021 жылы кент әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 39 430,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

                    Бұл сала бойынша 2021 жылға елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 5 000,0 мың теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2021 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге 200,0 мың теңге қаралған.

Дата публикации
01 ноября 2021