Созақ ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ( Шілде айы )

Созақ  ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Созақ  ауылдық округінің

негізгіәлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Халық саны. 2021 жылдың 1 шілдесіне халық саны  10710  адамды құрады.

Жер көлемі.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 521316,9 гектарды құрайды, оның ішінде,елдімекен жері 36316,9 га,орман шаруашылығы 111000,0 га,ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 374000,0 гектар. Агроқұрылымдар жері егістік көлемі 2874,0 гектар, жайлымдық көлемі 370806.0  гектар, шабындық көлемі 320,0 га.

Ауыл шаруашылығы.Ауылдық округте ірі қара саны 6041 бас, қой мен ешкі 45089 бас, жылқы 4351 бас,түйе 3246 бас, кұс 5290 бас құрайды

Кәсіпкерлік.Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі, 169 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -117.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  16839 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 38636 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 42500 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2917,0 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021-2023 жылдарға арналған Созақ ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №379 шешімімен бекітілген. Созақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздаңы №30 өкімімен өзгеріс еңгізілді.

 

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1. Кірістер, оның ішінде:

49159

41813

47900

Салықтық түсімдер

19566

20708

26770

Салықтық емес түсiмдер

3085

3120

3145

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0

0

0

Субвенция

26508

17985

17985

Ағымдағы нысаналы трансферттер

0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

60908

41813

47900

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

39686

39736

39936

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

21022

1800

7664

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

277

300

мың теңге

Атауы

2021 жыл

Жоспар

шілде

орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

49159

2859

3790

Салықтық түсімдер

19566

1897

2734

Салықтық емес түсiмдер

3085

253

347

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0

0

0

Субвенция

26508

709

709

Ағымдағы нысаналы трансферттер

0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

60908

2891

2916

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

39686

2891

2916

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

21022

0

0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

0

0

 

 

2021-2023жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған  2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 39686 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

          Бұл сала бойынша 2021 жылға  21022,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 500,0 мың теңге, елді мекенді абаттандыру  және  көгалдандыру шығындарына  8442,0 мың теңге,  елді  мекендерді  жарықтандыруға  12080,0 мың  теңге қаралған.

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

          2021 жылы  жергілікті  деңгейде  дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық  іс-шараларды  өткізуге 200,0 мың  теңге қаралған.

СЛАЙД
Дата публикации
23 июля 2021