ЖОБА Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №55 «Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №55 «Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3953 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.»;

          көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын;

«Қазақстан Республикасының 2021 жылғы  2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағы  3) тармақша.»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын;

          «Созақ ауданы бойынша қоса беріліп отырған халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.».

көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын;

          «Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудандық мәслихат                      

         хатшысы                                                                                   Б.Байғараев

Дата публикации
22 сентября 2021