ЖОБА Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №126 "Сот шешімімен Созақ ауданының комуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Созақ аудандық  мәслихаты  ШЕШТІ :

  1. Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №126 "Сот шешімімен  Созақ ауданының комуналдық   меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 4334    болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  2. "Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының әділет министрлігі" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін:

          2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

          3) ссы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Аудандық мәслихаттың

          хатшысы                                                                         Б.Байғараев

Дата публикации
22 сентября 2021