«Даму» Қорының кепілдігі!

Бизнес ашқан немесе бизнесін дамытам деген кәсіпкердің несие үшін банкке келуі қалыпты жағдай. Әдетте айналым қаражатын толықтыру немесе инвестиция, қайта қаржыландыру керек болған кезде тығырықтан осы құрал шығарады. Ал көздеген сома түгел қолға тию үшін ең алдымен несие құнына татитын кепілдік ұсыну керек.

Несие сұрап барған кезде банк талап еткен кепілдікті түгел ұсына алмасаңыз – «Даму» Қорына жүгініңіз. Қор кепіл сомасының бір бөлігіне кепілдік береді. Бүгін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламаның екінші бағыты аясындағы кепілдік шарттарын қарастырайық.

«Бизнестің жол картасы  2025» бағдарламасының екінші бағыты аясында:

 

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін:

  • Максимал сома: 360 млн теңгеге дейін
  • Кепілдік көлемі: несие сомасының 85 %-ына дейін

⠀

Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін:

  • Максимал сома: 1 млрд теңгеге дейін
  • Кепілдік көлемі: несие сомасының 50 %-ына дейін

 

Кепілдіктер несие мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі

 

Салалық шектеу жоқ

 

Бағдарлама талаптары мен кепілдік алу схемасы жайлы толығырақ https://damu.kz/programmi/guarantee/garantii-dkb-2025-d/ сілтемесінде көрсетілген. www.online.damu.kz сайтымыздан да танысуға болады.

 

Сондай-ақ 1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып, білуге де мүмкіндік бар.

 

«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз!

Дата публикации
10 сентября 2021