Созақ ауданы әкімдігі, қызметкерлердің аудандық бірлестіктері және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған К Е Л І С І М

Біз, Созақ ауданы әкімдігінің, қызметкерлердің аудандық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар), мынадай:

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұлжытпай сақтау;

- аудан әкімдігінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік  жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін ықтимал ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;

- ауданның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асырудағы  ынтымақты жауапкершілік және оның жергілікті жерлерде нақты жүзеге асырылуына жәрдемдесу;

- әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу;

- қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету ісінде өзара сындарлы іс-әрекет ету, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

2021-2023 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын аудандық деңгейде реттеудің жалпы қағидаттары мен Тараптардың оларды іске асыру жөніндегі  бірлескен іс-әрекеттерін белгілейтін 2021-2023 жылдарға арналған осы аудандық келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасастық.

Тараптар алдағы кезеңде экономиканы тұрақты дамытуға, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға, өмір сүру сапасының ұлттық стандартын  енгізуге, қызметкерлердің кәсіби және карьералық өсу мүмкіндіктерін   ұлғайтуға, еңбек өнімділігінің өсуін мен тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу есебінен  лайықты еңбек пен лайықты еңбекақы, қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын арттыру, Созақ ауданының азаматтарының табысын көбейтуге қол жеткізу, кедейлік ауқымын қысқарту үшін қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуіне ықпал етуге міндеттенеді.

 

  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

Тараптар «Қазақстан-2050» стратегиясын негізге алдағы кезеңде ауданымыздың экономикалық саясаты экономиканы жаңғырту экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын орындау, инвестициялар мен инновацияларды ынталандырудың  тиімді  тетіктерін енгізу,  тауар және еңбек нарығындағы  бәсекелестік, халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру  негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін серпінді арттыруды қамтамасыз ететін  шараларды  іске асыруға  бағытталған болуға тиіс деп есептейді.

Осыған байланысты  Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  1. Экономиканың ықтимал даму нұсқалары кезінде қатерлерді азайтуға бағытталғын макроэкономикалық саясатты жүргізу негізінде 2021-2023 жылдарға теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал ету;
  2. Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламаларын басшылыққа алып, орындалуына ықпал ету;
  3. Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының 2021-2023 жылдарғы арналған жоспарын орындауға бірлескен іс-шараларды орындау;
  4. Өндірісті жаңғыртуда және дамытуда инвестицияларды жүзеге асыратын ұйымдарды ынталандыру жүйесі мен тетіктерін жетілдіру;
  5. Экономикалық өсуді ынталандыруға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет параметрлерін қалыптастыруға ықпал ету және бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру;
  6. Қызмет көрсетушілер және тұтынушылар арасындағы мүдделерді тең сақтау қажеттілігіне сүйене отырып, тариф саясаты шараларын жүзеге асыру;
  7. Табиғи монополиялар субъектілерін тариф деңгейінің болжануын және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;
  8. Өндірісті ұйымдастыру, менеджмент жүйесінің жаңа әдістерін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, жалақыны арттыру есебінен еңбек өнімділігімен сапасын арттыру.

 

ІІ. Еңбек нарығын дамыту, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.

Тараптар адам әлеуетін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәнінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, Созақ ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру,  жоғары сапалы еңбек ресурстарына сұранысты қалыптастыру, лайықты еңбек және лайықты еңбекақы үшін жағдайлар жасау міндеттерін шешуде күш-жігерді жұмылдыру қажет деп есептейді.

Бұл үдерістер халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-қимылымен қолдауға ие болуға тиіс.

          Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды. Ол үшін келесі іс-шараларды қабылдайды:

  1. Ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпы ұлттық деректер базасын қалыптастыру;
  2. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және ақпараттық ресурстардың, оның ішінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ақпараттық порталы шеңберінде қол жетімділігін қамтамасыз ету.
  3. Әйелдердің барынша жұмыспен қамтылуы жөнінде шаралар қабылдау (жұмыс күшінде әйелдердің үлесін көбейту).
  4. Экономиканың даму әлеуетін ескере отырып еңбек ресурстарының сапасын көтеру, кадрларды даярлау және қайта даярлау шараларын жүргізу, оның ішінде:

1) Экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу;

2)  Кадрларды даярлау және қайта даярлау салалық бағдарламаларын жасау;

3) Жұмыс берушілерді өзінің оқу-материалдық базасын дамытуға, бейінді кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасын және білім беру үдерісін жаңғыртуға және басқаруға, қызметкерлердің қажетті дағдыларды үйренуіне және білім алуына жағдайлар жасауға қатысуға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

4) Қызметкерлерді фирма ішілік даярлау және қайта даярлауды ынталандыру;

5) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуметі төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуметі жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын іске асыруды қамтамасыз ету.

  1. Салалық және аудандық келісімдерде және ұжымдық шарттарда, жұмысшылардың және де жасы 50-ден асқан азаматтардың жұмыс орындарын сақтау, жаппай босатылуына жол бермеу, жұмыс жағдайларын жақсарту жөнінде міндеттерді қарастыру.
  2. Ұлттық еңбек нарығын қорғау, жоғары білікті жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар жасау бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қиын ахуалдар туындаған жағдайларда еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау:

1) Экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу;

2) Халыққа кәсіптік бағдар беру, оның ішінде мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту;

3) Жұмыс берушілерді өзінің оқу-материалдық базасын дамытуға, бейінді кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық базасын және білім беру үдерісін жаңғыртуға және басқаруға, қызметкерлердің қажетті дағдыларды үйренуіне және білім алуына жағдайлар жасауға қатысуға тарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

 

 

 

 

ІІІ. Тұрғындардың еңбекақысы, табысы мен өмір сүру деңгейі

          Тараптар алдағы кезеңде қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, жалақысының деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру қажет деп есептейді.

          Осы мақсаттарда Тараптар еңбекті ұйымдастыруды және жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

          Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырыстарында мониторинг нәтижелерін қарай отырып, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейінің өсуіне ықпал ету;
  2. Еңбекақы төлеу және басқа да әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша еңбек заңнамаларының сақталуына бірлескен, қажетті жағдайда, жұмысшы топтарын құру арқылы бақылауды қамтамасыз ету.
  3. Кіші бизнес және жеке тұлғалардың қызметкерлерін легализациялауға шаралар қабылдау, қажетті жағдайда, құзыретті органдардан жұмысшы тобын құру.
  4. Еңбек жөніндегі нормативтерді іске асыру және кәсіпорындардың еңбекті нормалау жүйесімен қамтылуын кеңейтуді қамтамасыз ету;
  5. Халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді (шағын несие, жер, мал және т.с.с. бөлу) жандандыру;
  6. Барлық деңгейдегі келісімдер мен ұжымдық шарттардың жасалуы мақсатында жұмыс берушілер мен қызметкерлерді бірлестіктер мен ұйымдарға қауымдастыруға бағытталған жұмысты күшейту жөнінде шаралар қабылдау;
  7. Жұмыс берушінің төлем қабілетсіздігі жағдайында, салалық келісімдерге және ұжымдық шарттарға қызметкерлердің материалдық құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ететін міндеттемелерді енгізу жөнінде, оның ішінде қаржылық жағдайға қарап, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыскерлеріне сауықтыру жәрдемақысын төлеу шараларын қабылдау;
  8. Еңбек туралы заңнамаларға, аудандық және қалалық келісімдерге және мекемелер мен ұйымдардағы ұжымдық шарттарға сәйкес жалақының уақтылы және толық төленуіне мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
  9. Жалақыны арттыру мәселелерін қызметкерлермен және қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де адамдармен және ұйымдармен келіссөздерде қарау;
  10. Жалақы бойынша және жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы аударымдары, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің қалыптасуына, жұмыс берушілер өкілдерінің келісімінсіз қызметкерлерді ақысыз еңбек демалысына жіберуге жол бермеу;
  11. Ұқсас және біліктілігі сәйкес жұмысты атқарған кезде шетелдік және отандық қызметкерлердің арасында жалақы мөлшеріндегі айырмашылыққа жол бермеу;
  12. Еңбек міндеттерін орындау мезгілінде мүгедектікке ұшыраған жағдайда немесе жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан жағдайда, жоғалтқан жалақысымен емделуге кететін шығындарын жұмыс берушінің есебінен өтелуін қамтамасыз ету;
  13. Еңбек кодексінің еңбегі зиянды, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі нормаларының орындалуын қамтамасыз ету.

14.Ұжымдық шарттар жасау жөніндегі келіссөздер шеңберінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша берілетін айлық жәрдемақыны көбейту мәселелерін қарау;

  1. Салалық және өңірлік келісімдердің орындалу барысын бақылап отыру;
  2. Әлеуметтік шиеленістерге және жанжалдардының туындау қатерлеріне, еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу, мониторингтің нәтижелерін Комиссия отырыстарында қарау;
  3. Экологиялық қауіпті аймақтарда орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, заңдылықтар талаптарына сәйкес, еңбекақыларына қосымша төлемдер, қосымша еңбекақысы сақталатын еңбек демалыстары мен жыл сайын денсаулықтарын түзетуге жәрдемақылар берілуін қамтамасыз ету;

                                                                                                

ІV. Әлеуметтік қамсыздандару және қорғау, тең мүмкіндіктер беру саясаты

Әлеуметтік саланы жаңарту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен, мемлекеттің, жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы жауапкершілікті таратып бөлуге негізделген жұмысты жалғастыру.
  2. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қорғау және олардың қоғамға пәрменді кірігуі үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;
  3. Ерікті медициналық сақтандыруды ынталандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау.
  4. Тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды айқындау және іске асыру.
  5. Әлеуметтік сала қызметкерлерін тегін медициналық тексеруден өткізу.
  6. Жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қатер туындаған жағдайда, барабар әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты мынадай:

1) сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділдікті сақтау;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын сақтау;

3) әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама талаптарының сақталуы үшін әлеуметтік жауапкершілікті  арттыру (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді уақытылы әрі толық төлеу, қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру) жолдарымен жалғастыру.

  1. Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету.
  2. Жұмыс орнында, әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасын қоса алғанда, денсаулықты сақтауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесін таратуға ықпал ету.
  3. Салалық, өңірлік келісімдер және кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған кезде денсаулықты сақтау, сондай-ақ жұмыс істейтіндерді сауықтыру, дене тәрбиесімен және спортпен айналысуына жағдай жасау үшін жұмыс беруші мен қызметкердің ынтымақмтасқан жауапкершілігін күшейту жөніндегі шараларды көздеу.
  4. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді және инфрақұрылымды («кедергісіз ортаны») қалыптастыру жөніндегі шараларды күшейту.
  5. Тараптар мынадай мәселелер бойынша келісімге келді:

1) халықтың табыс деңгейі әр түрлі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу;

2) тұрғын үй және коммуналдық қызметкердің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша консультациялар өткізу туралы уағдаласады.

  1. Қазақстан Республикасында 2021-2023 жылдарға арналған гендерлік теңдіктің стратегиясын іске асырудың:

ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында гендерлік проблемаларды шешуге;

балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықтар негізінде қолдауға;

әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі өкілдігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыру.

  1. Салалық, өңірлік келісімдер мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған кезде әйелдердің, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін көздеу.
  2. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің ерлігі мен батылдығына шынайы құрмет көрсете отырып олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және заңды мүдделерін жан-жақты қорғаудың ерекше маңызын мойындай отырып, тараптар, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, соларға теңестірілген адамдар қатарындағы бұрыңғы қызметкерлерге жыл ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету (қоғамдық көлікте тегін немесе жеңілдікпен жүру, тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, протездеу, санаторий-курорттық емдеуге жолдама беру, материалдық көмек көрсету және т.б.) жөнінде өздеріне міндеттеме қабылдайды.

 

  1. Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік.

Келісім Тараптары  адам ресурстарын сақтауды ұлттық басымдықтардың бірі екенін ескере отырып, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін  қарап:

  1. Кәсіптік қатерлер мен еңбекті қорғауды басқарудың кешенді әдістерін басқару жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін заңнаманы, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қауіпсіз техника және технологияларды енгізу мақсатында еңбек жағдайлары сараптамасының рөлін арттыруды жетілдіруге ықпал ету.
  2. Кәсіптік аурулардың алдын алу, ерте анықтау және кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін күнделікті өндірістік практикаға енгізу шараларын қоса алғанда, қызметкерлердің өмірін сақтау мен денсаулығын сақтау жөніндегі превентивті іс-шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға.
  3. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар дайындауға.
  4. Еңбекті қорғау жөніндегі персоналды қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, оқытуға және кешенді даярлауға, еңбекті қорғау жөніндегі құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларды төмендетуге бағытталған превентивті іс-шараларды қаржыландыру бойынша шаралар қабылдауға.
  5. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және оны іске асыруға ықпал етуге.
  6. Статистикалық есептілікті жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен оны қорғаудың жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін дамытуға.
  7. Халықаралық еңбек ұйымының АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдауға.
  8. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге.
  9. Қызметкерлерді, оның ішінде мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлерін жұмыс берушілердің есебінен мезгілінде тексеруден тегін өткізілуін ерекше бақылауға алу міндеттелсін.

 

  1. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік

Тараптар әлеуметтік және экономикалық даму, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет деп есептеп, өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  1. Тараптардың мүдделерін келісудегі Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) рөлін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру және:
  • Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұдайы консультациялар өткізуді;
  • Әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға Комиссияның қатысуына және солармен байланысты экономикалық қатынастарын қамтитын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын орындауды;
  • Бас, салалық және өңірлік келісімдердің, ұжымдық шарттардың орындалуы мен олардың мазмұнын нақтылау міндеттілігін;
  • Әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың еңбек қатынастарын реттеу деңгейлері жөніндегі өкілеттіктерін айқын ажыратып бөлуді және кеңейтуді;
  • Ұжымдық шарттар мен келісімдердің орындалмағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қамтамасыз ету.
  1. Әлеуметтік әріптестік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуді және ұжымдық еңбек дауларын шешудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру.
  2. Мынадай іс-шараларды жүзеге асыру:
  • Салалық, өңірлік деңгейлерде консультациялар, мониторинг жүргізу және келісімдер жасау тәжірибесін талдау, сондай-ак Комиссия отырыстарында талдау нәтижелерін қарай отырып, әлеуметтік әріптестік органдарының жұмыс тәжірибесін жүргізу;
  • Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік әріптестік жүйесін және оның салалық және өңірлік деңгейлердегі институттарын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі үш жақты комиссиялардың халықаралық тәжірибесін зерттеу және тарату;
  1. Халықаралық еңбек ұйымының «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы №87, «Кәсіпорындардағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» №135 конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға ықпал ету.

 

5.Тараптар:

  • Өздеріне байланысты ұжымдық еңбек дауларын реттеу, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың барлық шараларын қабылдауға;
  • Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудің қалыптасқан тәжірибесін зерттеу және еңбек дауларын болдырмау рәсімдерін жетілдіру, қолданыстағылардың тиімділігін және қолжетімділігін арттыру және жаңа тетіктері мен оларды шешу нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
  • Еңбек заңнамасы негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу жөнінде бірлескен оқыту тренингтерін өткізуге;
  • Шағын және орта бизнес ұйымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамытуға жәрдемдесуге;
  • Жұмыс берушілер бірлестіктерінің бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы бастамаларын одан әрі дамыту, ұйымдардың әлеуметтік есептерді дайындау тәжірибесін, Халықаралық стандарттау ұйымы қабылдаған Халықаралық әлеуметтік жауапкершілік стандартын тарату қажеттігін қолдауға;
  • БАҚ-пен бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;
  • Қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға міндеттенеді;
  • Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуге, конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелеріне, сондай-ақ оның лауреаттарын айқындау және марапаттауға қатысты материалдарды қарау жұмыстарына қатысуды қамтамасыз етуге;
  • Заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері бір-бірінің қызметіне араласпау туралы қағидаларды сақтауға, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ұйымдарын құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге міндеттенеді.
  1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның отырыстарына әлеуметтік-еңбек және солармен байланысты экономикалық проблемаларды шешу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы орталық өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық және салалық комиссиялардың есептерін тыңдау.
  2. Әлеуметтік әріптестіктің тараптары барлық деңгейдегі келісімдердің жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қолданылуы тетігін іске асыру.
  3. Мына шараларды іске асыруды:

Қоғамның шоғырлануын, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге;

  • Атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдерінің және қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де адамдар мен барлық деңгейдегі ұйымдардың арасындағы сындарлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға;
  • Үшжақты комиссиялардың мәртебесі мен рөлін, барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестіктің тиімділігі мен пәрменділігін арттыруға;
  • Ауданда еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдік компанияларды үшжақты комиссияның жұмысына, ұжымдық шарттар жасасуға тартуға;
  • Еңбек қатынастарында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталған шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
  1. Барлық деңгейдегі келісімдер мен ұжымдық шарттардың жасалуы мақсатында жұмыс берушілер мен қызметкерлерді бірлестіктер мен ұйымдарға қауымдастыруға бағытталған жұмысты күшейту жөнінде шаралар қабылдау.
  2. Барлық деңгейлердегі қызметкерлер өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, салалық, өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу жөнінде жәрдем көрсету.

 

VII. Келісімнің қолданысы және оның орындалуын бақылау

Тараптардың  осы Келісімнің ережелерін орындалуын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегі туралы келісті:

  1. Тараптар Келісімді Созақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу бойынша басым бағыттар мен қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде таниды.
  2. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен рәсімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
  3. Келісім келіссөздер және салалық (салааралық) келісімдер жасау, аудандық келісімдер және ұйымдарда ұжымдық шарттар жасау үшін негіз болады.
  4. Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелері және Комиссия ұсынымдары (шешімдері) аудандық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасаған кезде ескерілуге тиіс.
  5. Өңірлік деңгейде Келісім жасауға қатыспаған жұмыс берушілер бірлестіктеріне, жұмыс берушілерге, қызметкерлер бірлестіктеріне тиісті деңгейде Келісімге қосылуға ұсыныс жасау үшін «Созақ үні» аудандық баспа басылымдарында хабарлама беріледі.

           Егер жұмыс берушілер бірлестіктері, келісімге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті атқарушы органдарға оған қосылудан дәйекті бас тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келісім соларға қатысты осы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледі.

  1. Келесі жылдарға арналған аудандық келісім 2023 жылдың 20 наурызынан кешіктірілмей жасалады.

           Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері ұжымдық шарттардың тиісті жылдың наурыз айынан кешіктірілмей жасалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады.

  1. Осы аудандық келісімнің қолданылу кезеңінде Келісім міндеттемелері орындалған жағдайда, Келісімге қол қойған қызметкерлер бірлестіктері Тараптар арасындағы даулы жағдайларды тиісті деңгейлерде және аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынатарын реттеу жөніндегі аудандық  комиссияда алдын ала қарамай және шешпей наразылық акцияларын өткізбейтін болады.
  2. Тараптар нақты орындау мерзімі мен орындауға жауапты Комиссия мүшелерін көрсете отырып, осы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
  3. Комиссия ұсынымдары (шешімдері) осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
  4. Келісімнің орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссия туралы ережеге  және Келісімді әзірлеу және жасау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Комиссия жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды.
  6. Аудандық комиссияның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын баяндау мақсатында Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамытуға және аудандағы әлеуметтік еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялануын қамтамасыз етеді.
  7. Осы Келісім қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.
  8. Аудандық Келісім меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілердің барлығына қолданылады.
  9. Тараптар Келісімде көрсетілген өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
  10. Келісім мәтіні қол қойылған соң 2 апталық мерзімде Созақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

2021 жылы 27 шілде Шолаққорған ауылында түпнұсқа 2 данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір данасы бар.

 

 

 

Осы аудандық келісімге мыналар қол қойды:

 

Созақ ауданының әкімдігінен:

Аудан әкімінің орынбасары

 

Айдарбеков  Б.Б.                                                                ____________________

                   

 

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ

комитетінің төрағасы

 

Қасым М.С                                                                      _____________________

 

 

 

 

Жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктерінен:

 

 

Түркістан облысы кәсіпкерлік палатасының Созақ

аудандық филиалының директоры                                  

 

Анарбаев А.Қ                                                                  ____________________

 

 

Созақ кәсіпкерлері «Қауымдастығы»                                                         

жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың                       

бірлестігінің төрағасы                                                                                                                 

Сөлтеков Ә.                                                                     _________________

Дата публикации
06 августа 2021