Шу ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (Шілде айы)

Шу  ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Шу  ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2021 жылдың 1 тамызға  халық саны 650 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 406472 гектарды құрайды, оның ішінде  елді мекен жері 14441гектар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 377124 гектар, егістік көлемі 5 гектар, жайылымдық  жер көлемі 369891  гектар, шабындық жер  көлемі  0

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 913 бас, қой мен ешкі 5378 бас, жылқы 349 бас,түйе 58 бас  құрайды

Кәсіпкерлік. Елді мекенде, 4 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны - 8.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  16 839 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 38636 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 42500 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2917 теңге.

 

2021-2023 жылдарға арналған Шу ауылдық округі

бюджетінің негізгі параметрлері

 

Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан РеспубликасыныңБюджет кодексіне, «2021-2023жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.

Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №379 шешімімен бекітілді.Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы  25 наурыздағы  №18 шешімімен өзгерістер  енгізілді.

 

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округі бюджетінің негізгі параметрлері

мың теңге

Атауы

2021 жылы

2022 жылы

2023 жылы

1. Кірістер, оның ішінде:

24372

23862

23890

Салықтық түсімдер

545

666

694

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0

0

0

Субвенция

23827

23196

23196

Ағымдағы нысаналы трансферттер

0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

24372

23862

23890

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

23723

22862

22890

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

800

800

800

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

200

200

 

Шу  ауылдық округінің 2021жылдың 1 тамызға  орындалуы

 

Атауы

2021 жыл бекітілген

Есепті айдың жоспары

Есепті айға орындалуы

1. Кірістер, оның ішінде:

24372

13393

13393

Салықтық түсімдер

545

0

0

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

0

0

0

Субвенция

23827

13393

13393

Ағымдағы нысаналы трансферттер

0

0

0

Шығындар, оның ішінде:

24723

13393

13393

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

23372

13393

13393

Бiлiм беру

0

0

0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

800

0

0

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

200

0

0

2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

Ауылдық округ бюджетінің шығындары

Жоспарланған 2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Әлеуметтік сала шығындары

Әлеуметтік саланың шығындарына білім, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әл-аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 23723 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, байланыс шығындары, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.

 

 

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

 

          Бұл сала бойынша 2021 жылға 800 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 400 мың теңге,елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 400 мың теңге қаралған.

 

 

 

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

 

 

          2021 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және

         спорттық іс-шараларды өткізуге 200 мың теңге қаралған.

СЛАЙД
Дата публикации
26 июля 2021