Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Абасов Қайнар Бегалыұлы Созақ ауданында іс сапармен болды. Сапар барысында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Созақ аудандық филиалында ауданның жеке кәсіпкерлері және шаруақожалық иелерімен кездесіп, жиын өткізді.
Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудандық мәслихаттың депутаттары Роллан Әлжанов, Елдос Еспенбетов, «Қазақстан Фермерлер қауымдастығы» Түркістан облысы Созақ аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Керімов, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Созақ аудандық филиалының директоры Арман Анарбаев және ауданның кәсіпкерлері мен шаруақожалық иелері қатысты.
Парламент мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі дөңгелек үстелде ауылшаруашылығына байланысты мемлекеттік бағдарламаларда болып жатқан соңғы жаңалықтармен ақпараттарды тарқатып түсіндірді. Жиынға қатысушы шаруалар тарапынан субсидия алу мен несиелендіру, жерді жалға алу тағы да басқа мәселелер туралы сауалдар қойылды. Парламент мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов сауалдарға жауап беріп, айтылған ұсыныстар назарға алынатынын айтып, тиісті министрлік алдында көтеренін жеткізді.