Шолаққорған ауылы 25 маусым 2021 жыл
Созақ ауданының ауылдық
округтері мен кент әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Шолаққорған ауылдық округі
- Қарақұр ауылдық округі
- Қаратау ауылдық округі
- Қыземшек кенті
ауылдық округтері мен кент әкімдерінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын.
Созақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә.Сахиұлы
Созақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Р.Оспанов