Шолаққорған ауылы 25 маусым 2021 жыл
Созақ ауданының ауылдық
округтері мен кент әкімдерін
сайлауы бойынша сайлау
округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Созақ ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі сайлау округтері құрылсын:
- Шолаққорған ауылдық округінің әкімі - Шолаққорған ауылдық округінің шекарасындағы Шолаққорған сайлау округі;
- Қарақұр ауылдық округінің әкімі - Қарақұр ауылдық округінің шекарасындағы Қарақұр сайлау округі;
- Қаратау ауылдық округінің әкімі - Қаратау ауылдық округінің шекарасындағы Қаратау сайлау округі;
- Қыземшек кентінің әкімі - 4) Қыземшек кентінің шекарасындағы Қыземшек сайлау округі;
- Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының сайтында және аудандық «Sozaq uni» газетінде олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, округтердің тізімі жариялансын.
Созақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә.Сахиұлы
Созақ аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Р.Оспанов