Шағын ғана кәсіп ашу үшін «Даму» Қорынан қандай қолдау ала аласыз?

Егер сіз микро, шағын кәсіпкерлік субъекті санатына жатсаңыз және бизнес-жобаңызды жүзеге асыруға 20 млн теңгегедейін қаржы қажет болса, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының (1-бағыты) аясында қолдау алыңыз.

 

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жылына 6%-бен (субсидия есебінен) несие алып, банк талап еткен кепілзатыңыз жетпеген кезде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланыңыз. Бағдарламаның артықшылықтары көп. Мысалы:

✔Бизнестің саласына шектеу жоқ

✔Қор өтінімді қысқа уақытта қарастырады

✔ ЕДБ/МҚҰ жәнеҚорға аз құжат өткізесіз

 

📌 Бағдарламааясындасубсидиялаушарттары:

🔸 Максимал сома:

▪️  инвестицияға - 20 млн тг дейін

▪ айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тгдейін

🔸 Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%

🔸 Субсидия мерзімі:

▪️  инвестицияға – 3 жыл

▪ айналым қаражатын толықтыруға - 2 жыл

 

Бағдарлама аясында кепілдік алу шарттары:

🔸 Максимал сома:

▪ инвестицияға - 20 млн тг

▪ айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн тг

🔸 Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы

🔸 Мерзімі: несие мерзімінен аспайды

⠀

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы (1-бағыты) аясында субсидия/кепілдік алуды қадам-қадам бойынша түсіндірер болсақ:

 Портфель субсидия/кепілдігін алу үшін кәсіпкер:

1) ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру сұрап өтінім береді.

2) Жобаны кешенді түрде сараптамадан өткізген соң ЕДБ/МҚҰ тарапы оңшешім шығарса – «Даму» Қорына несие шарты мен қабылданған шешім жайлы ескерту-хатты жолдайды

3) Содан кейін Қор кепілдік міндеттемесін ұсынып, банк-кәсіпкер-Қор арасында субсидия жайлы үш жақты шарт жасалады.

 

 Бағдарлама шарттары мен толығырақ танысу үшін Қордың сайтына https://damu.kz/programmi/ сілтемесі бойынша кіру керек.  Сондай-ақ қосымша сұрақтар болған жағдайда 1408 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

⠀

📍 «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!

Дата публикации
22 июня 2021