Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ

 

Шолаққорған ауылы                         №20                                  5 шілде 2019 жыл

 

 

Созақ ауданы  Құмкент және Шу

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 

тағайындау,  сайлауды  әзірлеу мен өткізу

жөніндегі  негізгі  іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                       23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148  Заңының,   36, 36-1 баптарына  сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Созақ ауданы Құмкент және Шу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2019 жылғы 8 тамызына тағайындалсын.

            Кандидаттарды ұсыну 2019 жылғы 9 шілдеден  басталсын.

  1. 2019 жылдың 8 тамызына тағайындалған, қоса тіркеліп отырған Құмкент және Шу  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға                                      Ә.Сахиұлы

 

Хатшы                                     Р.Ә.Оспанов      

 

Дата публикации
05 июля 2019