Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ

Шолаққорған ауылы                         №1                                         8 ақпан 2019 жыл

 

 

Созақ ауданы, Созақ және Жартытөбе

ауылдық округтері әкімінің сайлауын 

тағайындау,  сайлау әзірлеу мен өткізу

жөніндегі  негізгі  іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                       23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148  Заңының,   36, 36-1 баптарына  сәйкес, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Созақ ауданы, Созақ және Жартытөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2019 жылғы 13 наурызына тағайындалсын.

            Кандидаттарды ұсыну 2019 жылғы 12 ақпаннынан басталсын.

  1. 2019 жылдың 13 наурызына тағайындалған, қоса тіркеліп отырған Созақ және Жартытөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға                                      Ә.Сахиұлы

 

Хатшы                                     Р.Ә.Оспанов      

 

Дата публикации
08 февраля 2019