Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Жұлдыз бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бос тұрған балабақша меңгерушісі лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс өткізу мерзімі:

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімі осы хабарландыруды жариялағаннан кейін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің   «Жұлдыз бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бос тұрған балабақша меңгерушісі лауазымына 7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын:

 Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №24. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Мекемелердің мекен-жайлары:

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің «Жұлдыз бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны – Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы, Шойыбет би көшесі №13  ғимараттында  орналасқан. /Байланыс телефоны 23-3-59, 23-3-60  эл почтасы zhuldyz.yas@mail.ru  

Лауазымдық жалақы мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдарына және мекеменің ауылдық жерде орналасқанына байланысты Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің   «Жұлдыз бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бос тұрған балабақша меңгерушісі лауазымына лауазымдарына 161264 теңгеден 196105 теңгеге дейін.

Балабақша меңгерушісінің міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.  Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

       Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

       Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Балабақша меңгерушісінің міндеттері:

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Балабақша меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

  1. Педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда;

 2.Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда);

              3."Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                 № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

4.Соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

 

       Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

 

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. 5. кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
  6. 6. алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  8. "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  10. сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  12. біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  13. білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  14. 14. Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

      

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зеттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек Жолы көшесі №24 үй. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталықтары. Анықтама сымтетігі: 4-15-66.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру «Созақ үні» аудандық қоғамдық-саяси және ақпараттық газетіне ресми жарияланған күннен бастап «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің   «Жұлдыз бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бос тұрған балабақша меңгерушісі лауазымына  7 /жеті/ жұмыс күні өткен соң тоқтатылады.

 

Ескерту: Тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

 

 

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімі

 

 

Дата публикации
22 апреля 2021