Объявление

«Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының  2 қабат кіші мәжіліс залында 2021 жылдың 15 сәуір күні  сағат 12-00 де Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16  мекен жайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелерінің меншік құқығын сату аукционын өткізеді.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары.

Ұйымдастырушы обьектіні бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Аукционға қатысушылар жарияланған қадам бойынша бағаны көтереді. Обьект бойынша сауда-саттық обьектінің ең жоғарғы ұсынылған бағасына дейін жүргізіледі. Егер обьект бойынша сауда-саттық қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, обьектісін жобалау үшін сәулеттік жайғастыру тапсырмасын алу,сервитуттар беру, жер төлемін уақытылы енгізу.

Ауыртпалықтар (шектеулер): инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Қосымша шарттар: құжаттардың бастапқы пакетін рәсімдеу бойынша шығын сомасын сатып алушымен өтеуге жатады.

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны: 50 пайыз мөлшерінде аванстық төлем бес банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелген үшін: аукционға қатысуға өтініш, тұлғасын куәландыратын құжат, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет. Заңды тұлғалар қосымша нотариалды расталған Жарғының және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін ұсынады. Төлемнің бастапқы бағасының нысаны мен шарттары:

Қатысушылар кепілдік жарнаның кез-келген санын енгізу құқықты, бірақ бір кепілдік жарна бір жер учакесін сатып алуға құқық береді.

Аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күнен бастап бес банктік күннен кешіктірілмей мерзімде аукцион барысында белгіленген бағаның 50 % мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлем есебіне алынады;

Кепілдік жарна «Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 181140009331, ИИК КZ690705034633530006, БИК KKMFKZ2A КБЕ12, КОД19 Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінің есеп шоты.

Қонкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен- жайда: «Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №40 ғимаратының                     №4 кабинеті.

Анықтама үшін телефоны: 8/72546/ 4-27-69

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондары), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №290 бұйрығы, Созақ ауданы аумағынан сауда-саттыққа (аукционға) түсетін жер учаскелерінің

ТІЗІМІ

№

Орналасқан жері

Нысаналы мақсаты

Көлемі, га

Құқық түрі

Аукционды өткізу тәсілі

Жер телімінің бастапқы (төменгі) бағасы теңге

Кепілдік жарна бастапқы соманың 5% бірақ 50 АЕК төмен болмауы керек

1

Созақ ауданы

Созақ ауылы

Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін

1,63 га

жекеменшік

ағылшын

1 147 520

145 850

2

Созақ ауданы

Қаратау ауылы

Жанар жағар май, асхана және жазғы үйлер мен автомобильдер тұрағы (кемпинг) құрылысын жүргізу үшін

5 га

жекеменшік

ағылшын

220 000

145 850

3

Созақ ауданы

Қаратау ауылы

Өрт депосы мен оқыту сыныптарына арнайы ғимарат құрылысы үшін

1 га

жекеменшік

ағылшын

440 000

145 850

4

Созақ ауданы

Таукент кенті

Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін

0,002 га

жекеменшік

ағылшын

53 000

145 850

5

Созақ ауданы

Таукент кенті

Автотұрақ құрылысы үшін

0,00108 га

жекеменшік

ағылшын

28 620

145 850

6

Созақ ауданы

Таукент кенті

Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін

0,00315 га

жекеменшік

ағылшын

8 347,05

145 850

 

Дата публикации
31 марта 2021