Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 408 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы               23 қаңтардағы Заңының 31-бабының  2 тармағына, 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының    6) тармақшасына,  27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы  «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығына  сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген, Созақ ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
  2. Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5936 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 желтоқсанында жарияланған) №408 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

қазақ тілінде көрсетілген қаулының 1 тармағының мәтіні және қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

орыс тіліндегі көрсетілген қаулының 1 тармағының мәтіні және қосымшаның тақырыбы өзгеріссіз қалдырылсын:

  1. «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                                                                  С.Полатов

                    

 

 

 

 

 

.

Дата публикации
25 марта 2021