10.03.2021 жылы Созақ ауданы әкімі С.Полатов Созақ ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мәжілісін өткізді.

Отырыста екі мәселе талқыланды, атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі».

Жиын барысында Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы комиссия хатшысының, Таукент кент әкімі, Сызған және Созақ ауылдық округі әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс отырысында жалпы бірінші азаматтарға керек қызметтерді электронды форматқа көшіру басты назарда екенін, аудандағы халықтар электронды цифрлық қолтаңба алып жатқанын және олар аудан орталығына келместен, ауылдық округтері мен кенттері әкімі аппарты және оған бағынысты мемлекеттік мекемелерде (мектептер, бала-бақшалар, коммуналдық мекемелер) барлығы -101 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына» барып электронды қызметті пайдаланып жатқанын жайлы баяндалды. Яғни қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында жолығу, сыбайлас жемқорлық болмайтынын айтты.

         Цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша құжатты жүзеге асыру шеңберінде интернет қолданушылардың санын 80 пайызға арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық хабар таратумен қамту, бағыты бойынша қазіргі таңда барлық ауылдық округтері мен кенттерінді 3G интернет желісі орналастырылып жатқанына тоқталып өтті.

          Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне бей-жай қарауға жол берілмеуі қажет екендігін айтып, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90 пайызға көтеруді және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайлық танытпау бағытында жауапты мамандарға бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тапсырма берілді.

Дата публикации
16 марта 2021