Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін Шолаққорған ауылының Шайық Оқшиев көшесінен -0,0388 гектар, Жібек жолы және Сұлтанбек Қожанов көшелерінің қиылысынан-0,0560 гектар, Жібек жолы көшесінен-0,0116 гектар, Абылайхан көшесінен 0,049 гектар, барлығы 0,1554 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық
округінің әкімі А.Елибаев