«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?»

 

2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ  «Ашық есік күнін» өткізеді   

 

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.

Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ  жауап алу мүмкіндігі болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда  сағат 11:00 де https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ee6a22674a15b0df986b815e056cf67f2 сілтеме бойынша event-мәжіліс нөмірін 184 703 6447 және event-мәжіліспароліненгізіңіз:654321. сағат14:00https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e1d20adb034640f8d30b686bc66592e52 сілтеме бойынша event-мәжіліс нөмірін 184 868 7483 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 654321.                                  

сағат16:00 https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edc0135cb25ab4fb2b0ab95a6c88c3b0d  сілтеме бойынша event-мәжіліс нөмірін  184 979 8722  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 654321 өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!

Дата публикации
15 марта 2021