Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және      өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 13 маусымдағы  «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» №209 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2018 жылғы 29 маусымда  №4655 болып тiркелген, 2018 жылғы 4 шілдеде «Созақ үні» газетінде және            2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3.«Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

2

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                     С.Полатов

        

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түркістан облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

____________________Р.Ибрагимов

«___»  ____________  2021 жыл

 

Дата публикации
26 февраля 2021