Сызған ауылдық округінің 2020 – 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті

Сызған ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған

азаматтық бюджеті

 

Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:

  • Ауылдық округтің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері;
  • Ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері;
  • Ауылдық округ бюджетінің түсімдері;
  • Ауылдық округ бюджетінің шығыстары.

 

Сызған ауылдық округінің

негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

Халық саны. 2020 жылдың 1 қаңтарына халық саны 4142 адамды құрады.

Жер көлемі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 195,796 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 41,848 гектар, егістік көлемі 680 гектар, жайлымдық көлемі 80,324 гектар.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округте ірі қара саны 3157 бас, қой мен ешкі 28556 бас, жылқы 1711 бас,түйе 625 бас, кұс 3219 бас құрайды

Кәсіпкерлік. Елді мекенде 1 ауыл шаруашылығы кооперативі, 95 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Жеке кәсіпкерлер саны -26.

Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.

 

2020 жылғы базалық мөлшерлемелер:

жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) -  16 037 тенге;

зейнетақының ең төмен мөлшері – 36 108 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 42 500 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге)  – 2 651 теңге.

Сызған ауылдық округінің 2020 – 2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Дата публикации
24 февраля 2021