Конкурс өткізу мерзімі: «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: 061000, «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №16 үй (Созақ ауданы әкімі аппаратының ғимараты 4-қабат)
Анықтама телефоны: +7(72546)79322, 79323
Кәсіпорынның атауы, орналасқан орны, пошталық мекен-жайы, телефоны, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Б.Ахметов көшесі, №16 А ғимарат, 161000 Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Кәсіпорын қызметі:
Сумен қамтамасыз ету, су бұру және пайдалану;
Энергиямен қамтамасыз ету;
Жылумен жабдықтау;
Коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигонын құру және пайдалану;
Анықтама телефоны: 8(72546) 79322, 79323
Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны басшысының лауазымына қойылатын негізгі талаптар:
шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану); Білім (Химия, Физика, География); Техникалық ғылымдар және технологиялар (тау кен ісі, жылу энергетикасы)
сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік органдардың кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық- экономикалық қызметін реттейтін, экономиканың және экономиканың тиісті саласының, жалпы Қазақстан Республикасының дамуының басым бағыттарын айқындайтын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, ұйымның қызметіне қатысы бар басқа да органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары, ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі, ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резерві, ұйымның өнім өндіру технологиясы, салық заңнамасы, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі, ұйымның шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері, стратегиялық жоспарлау, нарық-сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктура, бәсекелестер, өнім жеткізушілер мен тұтынушылар, ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі, практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару, өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді және озық шетелдік және отандық тәжірибе, ұқсас озық ұйымдар қызметінің тәжірибесі, шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеудің және жасаудың, әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Лауазымдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің қаржылық – шаруашылық нәтижелерінің орындалуын, қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын және толық пайдаланылуын қамтамасыз етеді, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизімін айқындайды. Басқа ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтарды шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды. Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісім-шарттардың) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейін және сапасын, өндіріс қарқындылығын, еңбек өнімділігін, экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау мақсатында жаңа техниканы және жаңа технологияны, басқару мен еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін кеңінен пайдалану, нарықтық конъюктураны және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Басқарудың эконоимкалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлердің еңбек ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, басқа лауазымды тұлғаларға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді, шарттық және қаржылық тәртіптерді нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнесі (кәсіпкерлік қызетке) қолдау көрсету мен ауқымын кеңейту мақсатында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және басқа да мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынандай құжаттарды ұсынады:
көшірмесі не соңғы жұмыс орынынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орыны басшылығынан ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.
Конкурсқа мынандай тұлғалар қабылданбайды:
немесе алынбаған соттылығы бар;
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: конкурсқа ниет
білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: 161000, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16 үй, «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.