Құмкент ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған
азаматтық бюджеті
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Құмкент ауылдық округінің
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Халық саны. 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны 3667 адамды құрады.
Жер көлемі. Ауылдық округінің жалпы жер көлемі 255 109 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 224 093 гектар, егістік көлемі 5084 гектар, жайлымдық көлемі 218 251 гектар.
Ауыл шаруашылығы. Есепті мерзімде ауылдық округі бойынша 2020 бас мүйізді ірі қара, 694 бас жылқы, 24 бас түйе, 30893 бас қой-ешкі, 2300 бас құс өсірілуде.
Кәсіпкерлік. Ауыл әкімшілігіндегі ауыл шаруашылығы салаларының негізін – 78 адам жұмыс істейтін «Құмкент» өндірістік кооперативі, 27 адам жұмыс істейтін «Ырыс Ынтымақ» өндірістік кооперативі, 50- адамнан құрылған «Қызылкөл» ЖШС, 4 адамнан құрылған «Созақ агроинновациясы» ЖШС, 63 – шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Ауыз су. Елді мекендегі ауыз су жүйесі орталықтандырылған.
2021 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 18 524 теңге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 43 272 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санқцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 2 917 теңге.
2021-2023 жылдарға арналған Құмкент ауылдық округі
бюджетінің негізгі параметрлері
Ауылдық округ бюджеті – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.
Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.
Ауылдық округ бюджетінің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, аудан халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.
Ауылдық округінің бюджеті Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсанағы №379 шешімімен бекітілді.
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
Атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
76 550 |
40 995 |
41 502 |
|
Салықтық түсімдер |
4151 |
4258 |
4765 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
|
|
|
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
|
|
|
|
Субвенция |
72399 |
36737 |
36737 |
|
Ағымдағы мақсатты трансферттер |
|
|
|
|
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
|
|
|
|
Шығындар, оның ішінде: |
76 550 |
40 995 |
41 502 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
41597 |
39196 |
39744 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
34653 |
1499 |
1458 |
|
Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік |
300 |
300 |
300 |
2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеті түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдістемесімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
Ауылдық округі бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2021-2023 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстап тұру шығындарына 39788,0 мың теңге жоспарланған. Бұл шығындарға жалақы, материалдық көмек, қызметтік автокөлік шығындары, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, кеңселік және шаруашылық заттарын сатып алу және т.б. шығындар кіреді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
Бұл сала бойынша 2021 жылға 34 653,0 мың теңге қаралған. Атап айтқанда,
елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға 10 014,0 мың теңге; елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге 400,0 мың теңге; елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру шығындарына 24 239,0 мың теңге қаралған.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк
2021 жылы жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық
іс-шараларды өткізуге 300 мың теңге қаралған.