2020 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 14 027,4 млн теңге болып, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 969,2 млн теңгеге артып, 107,4 % болып орындалды. Нақты көлем индексі 103,1 % құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 300 млн.теңге көлемінде инвестиция тарту межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен 303 млн 219 мың теңге инвестиция тартылды.
Тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына 100 млн.теңге инвестиция тарту жоспары белгіленіп, биылғы жылы 105 млн 360 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды.
Аудан бойынша биылғы жылы 13 100 га егістік жер игеру тапсырмасы берілсе, биылғы жылы 13109 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде: 305 га бидай, 1018 га арпа, 1201 га мақсары, 896 га жүгері, 496 га картоп, 489 га көкөніс, 496 га бақша, 2511 га жаңа жоңышқа, 5696 га ескі жоңышқа орналастырылды.
Сонымен қатар, Созақ ауыл округінен «Болыс ата» шаруа қожалығы 112 тонна бақша (қарбыз) дақылдарын Ресейдің Уфа қаласына экспорттады.
Созақ ауданы бойынша 2020 жылы 25 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде 18 данасы жаңа техникалар.
2020 жылы барлық санатта 36 313 бас мүйізді ірі қара, 254 282 бас қой-ешкі, 22 556 бас жылқы, 13 650 бас түйе, 32 154 бас құс өсірілуде. 2019 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 114,9 пайызға (31 598 бас), қой-ешкі 104 пайызға (244 481 бас), жылқы 127,1 пайызға (17 752 бас), түйе 123,9 пайызға (11 024 бас), құстар 105,3 пайызға (30 545 бас) атртық орындалды.
2020 жылы 12 831,5 тн ет (тірі салмақта), 16 010,7 тн сүт, 2 871,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 100,8 пайызға, сүт 100,1 пайызға, жұмыртқа 103,1 пайызға артық орындалды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, 1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Оның ішінде 1000 бас түйе несие алу арқылы жүзеге асса, 980 бас түйе азаматтардың өз қаражаты есебінен алынған.
Шолаққорған ауыл округінің агроқұрылымдары 30 тн «Golden Camel Group» ЖШС-не, 60 тоннасы «Казфут» ЖШС-не, Қарақұр ауыл округінің агроқұрылымдары 53 тн, Созақ ауыл округінің агроқұрылымдарын 113 тн «Казфут» ЖШС-не, барлығы 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілді.
Асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын импорттау бойынша:
-«Атамекен» шаруа қожалығы (төрағасы Ж.Есенбекұлы) импорттан Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен өз қаржысына 120 бас «Калмык» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді.
-«Әділет 2» шаруа қожалығы (төрағасы Р.Жүнісұлы) импорттан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несиелеу жолымен 70 млн.теңгеге Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен өз қаржысына 120 бас «Калмык» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді.
-Созақ ауыл округінен «Түгіскен» шаруа қожалығы (төрағасы Е.Өміртаев) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 12 млн.теңге несие рәсімдеп, Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен 24 бас «Ақбас» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді.
-Қарақұр ауыл округінен жеке кәсіпкер Омарбек Жасұлан Қазнабекұлы өз қаржысы арқылы 70 млн.теңге несие рәсімдеп, Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен 100 бас «Калмык» асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып әкелді.
2020 жылы мал шаруашылығы бойынша барлығы 105 агроқұрылым 257 690 000 теңге субсидия алынған.
Оның ішінде:
-Мүйізді ірі қара малы бойынша 177 330 000 теңге;
-Жылқы малы бойынша 600 000 теңге;
-Майда мал бойынша 74 360 000 теңге;
Сонымен қатар, 2020 жылы 15 агроқұрылым жалпы құны 71 060 000 теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, оған мемлекет есебінен 16 702 625 теңге субсидия төленген.
Жайылымдарды суландыру мақсатында жалпы құны 585 190 000 теңгеге 43 құдық қазылып, осы құдықтарға 320 289 000 теңге субсидия алған.
Аудан бойынша жалпы құны 207 200 000 теңгеге 68 агроқұрылымға күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғысы орнатылып, мемлекет тарапынан 164 460 000 теңге субсидия төленген.
Аудан агроқұрылымдары 2020 жылы «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы Түркістан облыстық филиалы арқылы 29 азамат 114,3 млн теңге, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен 30 азамат 129,86 млн теңге, «Созақ несие» несиелік серіктестігі» ЖШС-нен 1 шаруашылық 6 млн теңге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 7 шаруашылық 928,3 млн.теңге, барлығы 1 млрд 178 млн 46 мың.теңге көлемінде несие қаржы алынды.
«Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына 2020-2021 жылдарға облыстық бюджеттен 281 млн 919 мың теңге қаржы бөлініп, 2020 жылы 143 млн 733 мың теңгеге ауыстырылуға қажетті 2100 лотогы ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы 1500 лотокқа 138 млн 186 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп, барлығы 3600 лоток ауыстырылады.
Күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң 1000 га суармалы алқап айналымға қосылады.
Бөлім басшысы Қ.Мейірманов