Салымшының зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдауға құқығы бар (жарналарды аудару кезінде ЖТС алынбаған).
Азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды не жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін алу кезінде оны толық көлемде өтеуді таңдай алады. Кейінге қалдыру ЖТС-тың зейнетақы жасына жеткеннен кейін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры белгілеген кесте бойынша он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төленетінін білдіреді.