Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңызды тексергеннен кейін Сіз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және (немесе) емделуге пайдалану туралы шешім қабылдаған болсаңыз, онда Сізге уәкілетті операторға жүгіну қажет.
Үкіметтің қаулысымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар болып төмендегілер айқындалды:
ЕДБ-мен келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, Келісім тараптарының әрқайсысының міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерін біріктіру «Электрондық үкімет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүзеге асырылады.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алу және пайдалану ережелері туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.
Салымшының құжаттарын қарағаннан кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салымшының өзі айқындаған және оның өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті оператордан хабарлама алғаннан кейін БЖЗҚ салымшының тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына зейнетақы жинақтарын аударуды (5 жұмыс күні ішінде) жүзеге асырады.