Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептеледі?

         Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қазақстандықтарды қолдау мақсатында БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатаң белгіленген балама мақсаттарға – тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге мерзімінен бұрын алу құқығы берілді. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты сақталады: олар болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшері деңгейінде болса да зейнетақы кірісін қамтамасыз етуге тиіс.

         Осыған орай, мемлекеттік органдар зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірледі, содан кейін оны ҚР Үкіметі бекітті (Үкіметтің «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» қаулысы ).

Осы Әдістеменің ережелеріне сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі есептеледі, бұл зейнетақы жасына жеткен кезде зейнеткердің ай сайынғы табысын қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы капиталын ең төменгі бір зейнетақыдан төмен емес мөлшерде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Яғни, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл негізгі нысаналы мақсаты болып саналатын зейнетақы төлемдері үшін салымшының зейнетақы шотында сақталуға тиіс ақша сомасы. Ал балама мақсаттарға зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерден асатын бөлігін алуға болады.

Салымшылардың болашақта да (зейнеткерлік жасқа толғанға дейін) еңбек қызметін жалғастыратындығын және тиісінше БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдарын жасайтындықтарын ескеріп, ең төменгі жеткіліктілік шегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын ең төменгі жалақы мөлшеріндегі табысынан ай сайын (жылына 12 реттен) аударатынына сүйене отырып, әрбір нақты жас үшін жеке есептеледі.

Осылайша  ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшерін есептеу белгілі бір жасқа қарай адам қанша табыс таба алатынына емес, зейнеткерлік жасына қарай жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жоғарыда көрсетілген ең төменгі талаптарға сәйкес келетіндігіне негізделеді.

2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшері мынадай:

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегі қалай есептеледі?
Дата публикации
03 февраля 2021