Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Орталықс айлаукомиссиясының

«Мүмкіндіктерішектеуліазаматтардыңсайлауқұқықтарын 

қамтамасызетужөніндегіұсынымдардыбекітутуралы» 

2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысына 

өзгерістеренгізутуралы 



 

ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңЖарлығыменбекітілген 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 ҚазақстанРеспубликасыныңОрталықсайлаукомиссиясытуралыЕреженің 15-тармағының 70) тармақшасынасәйкесҚазақстанРеспубликасыныңОрталықсайлаукомиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мүмкіндіктерішектеуліазаматтардыңсайлауқұқықтарынқамтамасызетужөніндегіұсынымдардыбекітутуралы» ҚазақстанРеспубликасыОрталықсайлаукомиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысынакелесіөзгерістеренгізілсін:

1-тармағы келесіредакциядажазылсын: «ҚосаберіліпотырғанМүгедектігі бар азаматтардыңсайлауқұқықтарынқамтамасызетужөніндегіұсынымдарбекітілсін»;

жоғарыдакөрсетілгенқаулыменбекітілген «Мүгедектігі бар азаматтардыңсайлауқұқықтарынқамтамасызетужөніндегіұсынымдар» осы қаулығақосымшағасәйкесредакциядажазылсын.

  1. Осы қаулыҚазақстанРеспубликасыОрталықсайлаукомиссиясының интернет-ресурсындажариялансын.
  2. Осы қаулықолқойылғанкүніненбастапқолданысқаенгізіледі.



Қосымша....




Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы


Ш.Өтемісов

 

 

 

 

Астана қаласы

2025 жылғы 24 желтоқсан

№ 37/49

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының                                                                                       2025 жылғы 24 желтоқсандағы№ 37/49 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының                                                                                       2018 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 24/217 қаулысымен бекітілген

 

 

Мүгедектігі бар азаматтардың
сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі

ұсынымдар

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Мүгедектігі баразаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі - Ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 70) тармақшасына сәйкес әзірленді.

          2. Ұсынымдар Қазақстан Республикасыныңмүгедектігі баразаматтарыныңсайлау құқықтарын, оның ішінде олардың сайлаушылар,сайланбалы лауазымдарға және сайлау комиссияларының құрамдарына кандидаттар ретіндегі құқықтарыніске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды жасау бойынша сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес құрылымдардың, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді қоса, өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етуге бағытталған.

  1. Қазақстан Республикасының мүгедектігі барәрбір азаматы Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында (1948 ж.), ЕҚЫК Адами өлшем жөніндегі конференциясының Копенгаген кеңесі құжатында (1990 ж. 29 маусым), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияда (2007 жылғы 7 маусымдағы ҚР Заңымен ратификацияланған), Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда(2015 жылғы 20 ақпандағыҚР Заңымен ратификацияланған) кепілдік берілген жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде сайлау және сайлану құқығына ие. 

 

  1. Негізгі терминдер мен ұғымдар

 

  1. Осы Ұсынымдарда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1)  мүгедектігі баразамат (сайлаушы) - жасы он сегізге толған, сайлау құқығына ие,ауруларға,мертігулерге,олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты, есту,көру,тірек-қимылаппаратыфункцияларыныңшектеулерінеәкепсоққанденсаулығыбұзылған, сайлауучаскесіндедауыс беру үшінерекшежағдайларғамұқтаж болған ҚазақстанРеспубликасының азаматы (көру, есту қабілеті нашар мүгедектік, жоғарғынемесетөменгіаяқ-қолдардың функциялары едәуір бұзылған, кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар);

2) тактильдікөрсеткіштер - ақпарат құралдары (көруі бойынша мүгедектігі барадамдарғаберілетін және жанасу арқылы қабылданатын ақпаратты жеткізушілер) және тактильді жер бетіндегі (жол және еден бетіндегі, ескертуші және бағыттаушы) көрсеткіштер (көруі бойынша мүгедектігі барадамдарға аяғының табанымен, таяғымен сезіну арқылы немесе қалған көз жанарын пайдалана отырып кеңістікте бағдар табуға мүмкіндік беретін, белгілі бір суреттегі және түстегі бедерлі жолақты білдіретін ақпаратты көрсету құралдары);

3) тифлотехникалық құралдар - мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар (мысалы, электрондық лупа, бейнеұлғайтқыштар, экрандық қол жеткізу бағдарламасы, тифломаркерлер, тактильді пиктограммалар, аудиоқұрылғылар, тактильдісхемалар, жарықмаяктары, мобильдіқосымшалар, мәтінді үлкейтетінбағдарламаларжәне басқа қазіргі заманғыассистивтік құралдар);

4) сурдотехникалық құралдар - есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, снодай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары (мысалы, дыбыстыкүшейтетінқұрылғылар, қабырғатақталары, дыбыстық ақпарат берушілер, индукциялық ілмек, навигациялық ақпараты бар QR - коджәне басқа қазіргі заманғыассистивтік құралдар);

5) ымдау тілі маманы - мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман.

6) тифлосурдоаудармашы -тактильді өзара қарым-қатынасқа (саусақпен қарым-қатынас жасаудың ерекше дактильді (саусақ) әдісі, «алақанға алақан» әдісі) негізделген көру, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға қарым-қатынас тілін меңгерген адам; 

7) Брайль қарпі-көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдардың жазуы мен оқуы үшін арналған бедерлі-нүктелі тактильді қаріп.

8) көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар сайлаушыларға арналған ақпараттық материалдар үшін ұлғайтылған қаріп - жіңішкерген және кертілген таңбалары жоқ, кегль мөлшері 16-дан 20 пункт аралығындағы, көру арқылы қабылдау үшін қолайлы (Arial) қаріп гарнитуралары; 

9) Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағдарламасы, мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ететін, жұмыс жасап тұрған ғимараттар мен құрылыстарды қамтиды (inva.gov.kz).

 

 

 

 

  1. Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттік емес құрылымдардың, саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерді қоса,

мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды жасау бойынша өзара іс-қимылы

 

5.Мүгедектігі баразаматтардың саяси және қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету үшін саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерге мүгедектігі баразаматтарды сайланбалы лауазымдарға кандидаттыққа ұсыну, партиялық тізімдерге енгізу, сайлау комиссияларының құрамдарына оларды қалыптастыру кезінде ұсыну туралы кеңес береді.

  1. Жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының48-бабы2-1-тармағына сәйкес сайлау комиссияларына мүгедектігі баразаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста олардың дауыс беруге арналған үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайлар жасауы арқылы жәрдемдесуге міндетті.

1) дауыс беруге арналған үй-жайларды ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастыруды, пандустардыңнемесекөтергішмеханизмдердің, төсеніштердің, тактильдікөрсеткіштердің болуын (уақытша рұқсат етіледі), есіктердің қажетті ойықтарын, есіктердің жақындатқыштарды,есіктердіңавтоматты түрде ашылуын,жеткілікті жарықтандырудыкөздеу;

2) ыңғайлы кірме және жаяу жүргінші жолдарының, мүгедектігі баразаматтардың автокөлік тұрағы үшін арнайы орындарды ескеру;

3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділік картасына сайлау учаскелеріненгізу; inva.gov.kz интернет-сайтындасайлауучаскелерітуралыөзектіақпаратты,оның ішінде аумақтықсайлаукомиссияларыменмүгедектігібарадамдардыңқоғамдықбірлестіктерініңмониторингтікқорытындыларын ескереотырып, тоқсан сайынбақылаудықамтамасыз ету;

4) дауыс беруге арналған үй-жайдамүгедектігібарадамдарүшін қазіргі заманғытифлотехникалық құралдар, сурдотехникалық құралдаржәне басқа қазіргі заманғыассистивтік құралдар, оныңішіндеБрайльшрифтінпайдаланаотырып,сайлауучаскесініңақпараттық маңдайшасын пайдаланудыкөздеу;

5) дауыс беру күнімүгедектігі барадамдардысайлауучаскелерінетасымалдаубойыншаинватаксиқызметтерінұйымдастырудыкөздеу;

6) сайлаукомиссияларыменжәнемүгедектігі барадамдардыңқоғамдықбірлестіктеріменбірлесіп,сайлаунауқандарынөткізукезеңіндесайлауучаскелерініңдайындығынмониторингілеужөніндегі іс-шаралардыкөздеу.

  1. Сайлау учаскелері мен дауыс беруге арналған үй-жайларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру қажет.

Сайлау учаскесінде, дауыс беру пунктінде дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

  1. Дауыс беруге көружәнеестуқабілетібойынша мүгедектігі бар сайлаушылардың көпшілік санының қатысуы жорамалданып отырған сайлау учаскелеріне жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің жәрдемдесуімен ымдаутілімамандары(оныңішіндеонлайнформатта),тифлосурдоаудармашылар тартылуы мүмкін.   
  2. Жергілікті атқарушы органдар дауыс беру үшінерекшежағдайларталап етілетін мүгедектігібарсайлаушылар(көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар,оныңішіндеБрайльшрифтінпайдаланудағдыларынмеңгерген, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар, тірек-қимылаппаратыфункцияларынбұзылған) (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар)әр жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесіне есепке алуды және тиісті аумақтық сайлау комиссияларына (бұдан әрі - сайлау комиссиялары) ұсынудықамтамасыз етеді.

ҚазақстанРеспубликасыныңЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрлігіХалықтыәлеуметтікқорғаусаласындағыреттеужәнебақылаукомитетініңаумақтықбөлімшелеріжергіліктіатқарушыоргандардыңмүгедектігібарадамдарбойыншамәліметтердітиістісайлаукомиссияларынаберуініңөзектілігімендұрыстығынбақылаудықамтамасыз етеді.

  1. Сайлау комиссиялары мүгедектігі барсайлаушылар туралы мәліметтер негізінде арнайы ақпараттық материалдарды (оныңішіндеБрайль қарпімендайындау), тифлотехникалық құралдарды, сурдотехникалық құралдардыжәне басқа қазіргі заманғыассистивтік құралдарпайдалану, ымдау тілі мамандары(оныңішіндеонлайнформатта) мен тифлосурдоаудармашыларды тартуқажеттілігін айқындайды.

 

  1. Мүгедектігі бар азаматтарды ақпараттандыру

жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

 

  1. Сайлау комиссиялары дауыс беру рәсімдері мен материалдарын жеңіл түсінуі мен пайдалануын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

Сайлау туралы негізгі ақпаратты Брайль қарпін, ірі қаріпті, аудиоформатты, ым тілін,QR-кодтықамтитын түрлі қолжетімді форматтарда беру  ұсынылады.

  1. Сайлау науқаны кезеңіндесайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдардыңосы Ұсынымдардың 9-тармағына сәйкес беретін мүгедектігі барсайлаушылар туралы мәліметтері негізінде:

- сайлау науқаны (дауыс беру уақыты мен орны, негізгі сайлау іс-қимылдары, қажетті байланыс ақпараты, мысалы, сайлау комиссияларының телефоны, мекенжайы), дауыс беру тәртібі, бюллетеньді толтыру және басқа да сайлау рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпараттық материалдарды  аудиоформатта (цифрлық жеткізушілерде) дайындау бойынша;

- оқу үшін қолайлы үлкейтілген қаріппен басылған кандидаттар, партиялық тізімдер туралы ақпараттық материалдарды қажетті көлемде дайындау бойынша шараларды қабылдайды.

            Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентiн және Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауды ақпараттық сүйемелдеуге бөлiнген қаражат шеңберiнде қолжетiмдi форматта (соның ішінде қарпіүлкейтілген,плакаттар, көруқабілетібойынша мүгедектігі бар сайлаушыларүшінарналған сайлау бюллетеньдері трафареттері  мен дыбыс және бейнероликтер және т.б.) ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз етедi.

          Мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау кезінде ақпараттық материалдарды қолжетімді форматта дайындауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді.

          Дауыс беруге арналған үй-жайда мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін жағдайларды  тізімге енгізілген мүгедектігі барсайлаушыларға қарай жергілікті атқарушы органдар аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесе отырып анықтайды және қамтамасыз етеді.

  1. Мүгедектігі барсайлаушыларға арналған ақпараттық материалдар сайлау учаскелерінүй-жайларындаорналастырылады.

Сайлау комиссияларына мүгедектігі барсайлаушыларды ақпараттандыру үшін халықты әлеуметтік қорғау органдарын, әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын, мүгедектігі барадамдардыңқоғамдық бірлестіктерін, еріктілер қозғалыстарын тарту ұсынылады.

  1. Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына сайлау науқандары кезеңінде мәтіндік файлдарды дыбыстық немесе тактильді белгілерге айналдыратын (мүмкіндігінше ақпарат сондай-ақ оны пайдаланушы алған кезде дауыстық белгіге айналатын смс-хабарларды жіберу арқылы ұялы байланысты пайдалана отырып жіберілуі мүмкін) экрандық қол жеткізудің компьютерлік бағдарламалары орнатылған арнайы жабдықтармен (тифлотехникалық құралдармен) жабдықталған, көруқабілетібойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған кітапханалардың, түзету мектептерінің, мүгедектігі барқоғамдық ұйымдарының техникалық мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарына сайлауды әзірлеу мен өткізу барысы туралы ақпараттық шығарылымдар мен тақырыптық хабарлардың теледидар эфирінде сурдоаударманы немесе субтитрлеуді пайдалану ұсынылады.
  3. Учаскелік сайлау комиссиялары мүгедектігі баразаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, ал мәслихаттардан өзге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде - кемінде бес күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ басқа мүгедектігі баразаматтарға қолжетімді тәсілдермен хабардар етуді қамтамасыз етеді.

 

  1. Сайлау комиссиялары мүшелерінің

мүгедектігі баразаматтармен өзара іс-қимылын

ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

  1. Мүгедектігі баразаматтарғаолар сайлау учаскесінде өз дауысын жасырын, бөгде адамның көмегінсіз (немесе өз таңдаушы бойынша басқа адамның көмегін пайдалана отырып) бере алатындай негіздегі жағдайларды ұсынады. Сайлаушы дауыс беруге келе алмайтын жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы оның дауыс беру күні жергілікті уақыты бойынша сағат он екiден кешiктiрiлмей берілетінжазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылар болатын орында дауыс беруді ұйымдастырады.

18.Сайлау комиссиялары мүгедектігі баразаматтармен өз жұмысында олардың мүгедектік санатына негізделген ерекшеліктерін ескередіжәнеқарым-қатынас этикасынсақтайды.

  1. Дауыс беруге арналған үй-жайға мүгедектігі баразамат кірген кезде, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оның қандай да бір көмекке мұқтаж екенін анықтап алғаны жөн.
  2. Сайлаушымен қарым-қатынас кезінде:

1) көруқабілетібойынша мүгедектігі бар сайлаушымен қарым-қатынас кезінде оған ілесіп жүрген адаммен емес, тікелей сайлаушымен сөйлесу ұсынылады, сайлаушымен сөйлесу кезінде қарапайым ауызекі тілді пайдалану қажет;

2) естуқабілетібойынша мүгедектігі бар сайлаушымен жұмыс кезінде тікелей өзімен қарым-қатынас жасау ұсынылады, сөздерді дауыс беру рәсімімен байланысты іс-қимылдарды нақтылайтын түсінікті ишарамен толықтыруға болады. Мұндай сайлаушымен жазбаша нысанда ымдау тілі маманы арқылы сөйлесуге болады;

3) көру және естуқабілетібойынша мүгедектігі бар сайлаушымен жұмыс кезінде тифлосурдоаудармашы арқылы сөйлесу ұсынылады;

4) тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған сайлаушымен қарым-қатынас кезінде оған орындық ұсыну не бюллетеньдер берілетін үстел жанынан кресло-арба үшін орын босату, жасырын дауыс беруге арналған кабинаға (орынға) дейін жеткізіп салуды ұсыну қажет. Қажет жағдайларда дауыс беруге арналған үй-жайдан шығатын, автокөлікке отыратын кезде жәрдем көрсеткен жөн. 

  1. Аумақтық сайлау комиссияларына сайлау процессін ұйымдастырушыларды оқытуды ұйымдастыру кезінде мүгедектігі баразаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру ерекшеліктерімен байланысты арнайы тақырыптарды көздеу ұсынылады.

Оқытуды мүгедектігі барадамдардыңқоғамдық бірлестіктері өкілдерін тарту арқылы және олардың ұсынымдарын ескеріп, көрнекі және практикалық оқыту әдістерін қолдана отырып жүргізу ұсынылады.

 

 

 

Дата публикации
12 августа 2026