ҚҰРМЕТТІ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес, 2026 жылдың 14 мамыры мен 26 маусымы аралығында Созақ ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінде, сондай-ақ ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аппараттарында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, егер Сізде аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері аппараттарының қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдарыңыз немесе ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылғы 18 маусым күні сағат 16:00-де өтетін ішкі талдау қорытындысының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына қатысуға шақырамыз.
📍 Өтетін орны:
Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16 ғимарат, «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 2-қабат, кіші мәжіліс залы.
📞 Анықтама үшін:
Әшірбек Ернұр Жұмаділдәұлы – Созақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бас маманы.
Байланыс телефоны: 8 (702) 444-86-83
Дата публикации
10 июня 2026