
«Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу; агроөнеркәсіп кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинау жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру; агроқұрылым субъектілеріне мемлекеттік агро азық-түлік саясаты жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу; асыл тұқымды малдың генофондын сақтау мен толықтыруға бағытталған асыл тұқымды малды субсидиялау шаралары; заң арқылы белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың арыз-шағымдарын қарайды, жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді; бөлім Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтік - құқықтық актілері арқылы жүргізілген басқада функцияларды жүзеге асырады; жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады; жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды; өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады; шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады; өз құзыреті шегінде сауда қызметі субьектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді; көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;