Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 

СОЗАҚ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

 

ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТЬ СОЗАКСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

 

ШЕШІМ

 

 

РЕШЕНИЕ

2026   жылғы 25 ақпандағы                                  _______246_____________

 

Шолаққорған ауылы                                                 село Шолаккорган

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

       Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының            27-бабы  2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Созақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. «Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Созақ аудандық                                              О.Жәмиев

мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

2026 жылғы 25 ақпандағы

№ 246 шешіміне қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ  аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 127 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29803 болып тіркелген) шешімі.
  2.   «Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №127 «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 58 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6354-13 болып тіркелген) шешімі.
  3. «Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №127 «Созақ ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 160 Созақ аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6638-13 болып тіркелген) шешімі.

 

 

шешім қосымша решение приложение

Шешім
Дата публикации
02 марта 2026