Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 19 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23600 болып тiркелдi
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.