1.Жалпы ережелер
- "Созақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол депутаттардың ұйымдастырушылық, құқықтық материалдық-техникалық және мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына көмек көрсету үшін құрылған.
- Мемлекеттік мекеме аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 25 сәуірдегі №8-62/ІІ шешімімен құрылды.
- "Созақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- "Созақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Созақ аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Мемлекеттік мекеме жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.
- "Созақ аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына , сондай-ақ "Созақ аудандық мәслихатының аппараты"хатшысының бұйрықтарына сәйкес актілер
- Созақ аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Местонахожение заңды тұлға.
161000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі №84.
- Толық атауы "Созақ аудандық мәслихаты"мемлекеттік мекемесі.
- Осы Жарғы "Созақ аудандық мәслихатының аппараты"мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.