ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ағымдағы жылдың 14 мамыр -26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 17 маусым күні 16:00-де Түркістан қаласы Жаңа қала шағын ауданы Түркістан Арена стадионында 1 қабатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс номер:8747 530 03 80
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы м.а. Ә.Бектұрғановтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары ағымдағы жылдың 20 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: +7 (747) 5300380
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: +7(747) 53000380
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын және Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға бекітілген іс – шара жоспарына сәйкес, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында 2024 жылдың 25 желтоқсанында «Ашық есік күні» акциясы өткізілетінідігін хабарлайды.
Мекен жайы: Түркістан қаласы, 162 орам, 118 құрылыс. Стадион 2 этаж.
2024 жылдың 15 қараша күні Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою іс шара жоспарын орындау мақсатында спорт ұйымдарының басшыларымен мәжіліс өткізілді.Жиын Басқарма басшысының міндетін атқарушы А.Нақыпбековтың төрағалығымен және Басқарма басшылығының облыстағы барлық 76 спорт ұйымдарының басшылары қатысуымен өтті. Мәжілісте бөлім басшыларының Басқармадағы соңғы уақытта орын алып жатқан кемшіліктер бойынша баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар Спорт мектебі директорларының ұсыныстары назарға алынды
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында 2024 жылдың 19 қыркүйек күні ашық есік күні акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындар Басқармада, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен танысты.
Тұрғындар тарапынан Басқарамының қызметі туралы сұрақтар мен спорт саласындағы облыстың жетістікке жету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы қызығушылық пікірлері айтылды.
Басқарманың өкілі сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды факторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастарды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісімен қоғамда нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды атап өтті.
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды!
Құрметті қызмет көрсетушілер!
Түркістан облысы спорт бағыты бойынша өтінімдер 2024 жылдың 22 сәуір сағат 09.00-ден 27 сәуір сағат 18.00-ге дейін қабылданады!
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды талқылау және Сыбайлас жемқорлықты болдырмауды және мемлекеттік қызметшілердің тарапынан әдептілік нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс өткізілді. Өткізілген мәжіліс бойынша ақпаратты осы сілтемеде https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sport/documents/details/475441?lang=kk
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы ағымдағы жылдың 31 наурыз – 16 мамыр аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде. Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2023 жылдың 3 мамырында Turkestan Arena ғимаратының мәжіліс залында өткізілетін ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8-72-533-5-97-10 Эл.почта: turkestan.oblsport@mail.ru
Спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, алдын-алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, міндеттемемен таныстыру және №4 Үлгілік базалық бағыттар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және сапалы жүргізу мақсатында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналысқа Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты облыстық, аудандық, қалалық спорт ұйымдарының бірінші басшылары және Түркістан облысының спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушылары 2022 жылдың 8-9 маусым күндері қатысты.
Жиналыс Түркістан қаласыда орналасқан «Turkestan-Arena» орталық стадионында өткізіліп, басқарманың арнайы шақыруымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Ж.Абдрахманов, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Д.Аширбеков, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Исаев және басқарманың мемлекеттік басқару және спорт ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің жауапты қызмкеткерлері қатысты.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау туралы және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиналыс қонақтары Заң шеңберіндегі өз салалары бойынша баяндама (видеоролик арқылы) жасады.