Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы
лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ №8
Түркістан қаласы «18» ақпан 2026 жыл
Қатысқандар:
Комиссия төрағасы:
Исмаил Назерке Онғарбекқызы - Басқарма басшысының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Байсариев Мэлс Жаулыбаевич - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
Керимбеков Жандос Сулайманович - Жоғары спорт жетістіктерін дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы;
Жанызақов Дулат Қайратұлы - Бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы;
Боранбайұлы Мағжан - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
Куанышова Маржан Сапарбаевна - Қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
Найзабеков Марат Бектемирович – «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының бас хатшысы.
Комиссия хатшысы:
Г.Аймбетова - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.
Күн тәртібі:
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға конкурстың әңгімелесу сатысын өткізу туралы.
Тыңдалды:
Г.Аймбетова: Күн тәртібі бойынша сөз сөйлеп, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына 3 азаматтық қызметші түсетіндігін айтып, комиссия мүшелеріне конкурсқа құжаттарын тапсырған азаматтардың тізімін ұсынды.
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына:
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 1-ші үміткер Д.Жарменовқа комиссиясының мүшелері бірауыздан дауыс берді.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 2-ші үміткер Д.Анарбаевқа комиссиясы мүшелері бір ауыздан дауыс бермеді.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 3-ші үміткер М.Шахановқа комиссиясы мүшелері бір ауыздан дауыс бермеді.
ШЕШІМ ЕТТІ:
Комиссия мүшелерінің басым дауысы берілген Жарменов Денис Касымович Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысы бос лауазымына тағайындау үшін ұсынылсын.
Комиссия төрағасы: Н.Исмаил
|
Комиссия мүшелері: |
М.Байсариев |
|
|
Ж.Керимбеков
Д.Жанызақов
М.Боранбайұлы
М.Куанышова
М.Найзабеков
|
|
|
|
|
Комиссия хатшысы:
|
Г.Аймбетова
|