Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос тұрған «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түлкібас аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің атауы: «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түлкібас аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері: 161300, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Тұрар Рысқұлов ауылы, Жамбыл көшесі, құрылыс 198А.
Мекеме қызметінің негізгі бағыты: спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге жаттығулар өткізу, спорттық резерв даярлау.