«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының
2-тармағына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 22 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4423 болып тiркелген);
2) «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 қаңтардағы
№22 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 298 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6438-13 болып тiркелген) күштері жойылды деп танылсын.
Облыс әкімі Н.Көшеров