«Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 6 «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту» туралы» қаулысының күшін жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының
2-тармағына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 6 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5381 болып тiркелген)
күші жойылды деп танылсын.
- «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н.Көшеров