Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 1-параграфының 76-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жалпы 26 жобаның 3 жобасы мемлекет бастамасымен, қалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер арқылы 23 жоба іске асырылды.
Бүгінгі күнге мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жалпы 26 жоба спорт саласы бойынша жекеше әріптес анықталып, келісім-шарт түзілді, мемлекеттік міндеттемелер қабылданды.
Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жалпы 3 жобасы мемлекет бастамасымен 2018 жылы 1 нысан, 2019 жылы 2 нысан салынып пайдалануға берілді. Жалпы 3 жобада 8 спорт түрінен 576 баламен 13 жаттықтырушы жұмыс жасайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2020 жылы 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жобалары бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жеке кәсіпкердің бастамасымен 2017 жылы 1 жоба ал, 2018 жылы 5 жоба, 2020 жылы 17 жоба мемлекеттік-жекешілік әріптестік бойынша жұмыстарын бастады. Жалпы 25 жобада 18 спорт түрінен 7695 баламен 161 жаттықтырушы жұмыс жасайды.
Облыстық және республикалық жарыста спортшылар 142 алтың, 161 күміс, 194 қола медальдармен марапатталды.