Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос тұрған «Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының қаржы және ұйымдастыру қызметі бойынша орынбасары (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің атауы: «Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: 161200, Қазақстан, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, көшесі Ә.Темір, құрылыс 3А.
Мекеме қызметінің негізгі бағыты: спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге жаттығулар өткізу, спорттық резерв даярлау.
Функционалдық міндеттері:
Өз құзыреті шегінде ұйымның қаржы-шаруашылық және ұйымдастыру қызметтеріне басшылық етеді;
ұйымның белгіленген есептік құжаттамасын сапалы және уақытылы жасауды қамтамасыз етеді;
бөлімшенің қызметінде заңдылық сақтауды және олардың қаржылық басқару, келісімшарт және қаржылық тәртіптерді, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайта отырып, құқықтық тәсілдерді пайдалануда шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды, еңбекте қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
құрылымдық бөлімшелерде еңбек тәртібін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
ұйымның кешенді экономикалық талдауын және қаржылық-шаруашылық нәтижелерін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Білуі тиіс: Конституция;
Бюджет кодексі;
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (бұдан әрі – Салық кодексі);
ӘРПК;
"Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы", "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;
Үкіметтің № 1193 қаулысы;
ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару;
дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
ұйым құрылымының профилі, мамандануы және ерекшеліктері;
бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау негіздері;
еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын;
банк-клиент жүйелерінде жұмыс істеу технологиясы, компьютерлік бағдарламалар: 1С: сауда және қойма, 1С: бухгалтерлік есеп, ексел және т.б.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит", "Бухгалтерлік есеп және салық салу", "Қаржы, кредит және бухгалтерлік есеп" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
еңбек өтілі: қалалық, аудандық коммуналдық кәсіпорындар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл еңбек өтілі, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит", "Бухгалтерлік есеп және салық салу", "Қаржы, кредит және бухгалтерлік есеп" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
8) Үміткердің болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекен-жайға: 160021, Түркістан қаласы, «Түркістан-Арена», 162 орам, құрылыс 118, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2-қабат, тел.: 8725 (33) 5-97-10; электрондық пошта: org.otdel2024@mail.kz ұсынады.