«Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос тұрған «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Мекеменің атауы: «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: 161100, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Алатау мөлтек ауданы, 9 көшесі,             №4 үй.

Мекеме қызметінің негізгі бағыты: спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге жаттығулар өткізу, спорттық резерв даярлау.

Функционалдық міндеттері:      

      спорттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады;

      спортшыларды даярлаудың бағдарламасын және жоспарын орындау жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы құрамының жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді;

      спорттық топтарды жасақтауды қамтамасыз етеді, оқу топтарының сабақ кестесін, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құру жұмыстарын жүзеге асырады;

      жаттықтырушылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оқу-жаттығу процесін оқытудың және өткізудің әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      дене шынықтыруды және спортты насихаттау және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

      спортшыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      спортшылардың оқу бағдарламаларының талаптарын орындауын қамтамасыз етеді, спортшылардың дайындық деңгейін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, медициналық тексеруден уақтылы өтуін қамтамасыз етеді;

      спорт түрлерінен федерациялармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ұйымдағы спорт түрлерін дамыту жұмысын үйлестіреді;

      спортшыларды дайындаудың перспективалық және жеке жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      спорт түрлері бойынша ұйым спортшыларының тұрақты дайындығын, спорттық дайындықта жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары нәтижелерді қамтамасыз етеді;

      құрылымның және штат кестесінің өзгеруі бойынша ұсыныстар енгізеді;

      спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

     

Білуі тиіс:       Конституция;Еңбек кодексі;ӘРПК;

      "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;

       Үкіметтің № 1193 қаулысы;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілер;

      еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:            кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

      еңбек өтілі: облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың облыстық коммуналдық кәсіпорындары үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде үш жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

          1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

          3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

          4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

8) Үміткердің болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

 Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекен-жайға: 160021, Түркістан қаласы, «Түркістан-Арена», 162 орам, құрылыс 118, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2-қабат, тел.: 8725 (33) 5-97-10; электрондық пошта: org.otdel2024@mail.kz ұсынады.

Дата публикации
22 апреля 2025