Управление физической культуры и спорта Туркестанской области объявляет конкурс на вакантную должность руководителя коммунального государственного учреждения «Детско-юношеская спортивная школа №3 района Байдибек» управления физической культуры и спорта Туркестанской облас

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос тұрған «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйдібек аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Мекеменің атауы: «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйдібек аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: 160204, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округі, Боралдай ауылы, О.Мамеков көшесі, ғимарат  15/2.

Мекеме қызметінің негізгі бағыты: спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге жаттығулар өткізу, спорттық резерв даярлау.

Функционалдық міндеттері: қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді;барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды және т.б.;

 

 Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;

      еңбек өтілі: қалалық, аудандық коммуналдық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл, не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл еңбек өтілі, не дене шынықтыру және спорт саласында немесе Жұмыс органымен бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және "Дене шынықтыру және спорт", "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде екі жыл еңбек өтілі.

 

Білуі тиіс:       Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция);

       Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі);

       Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

       Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);

      "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;

       "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің № 1193 қаулысы);

      педагогика, психология және физиология негіздері;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;

      еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

          1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

            2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

          3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

          4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

 6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

8) Үміткердің болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

 Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекен-жайға: 160021, Түркістан қаласы, «Түркістан-Арена», 162 орам, құрылыс 118, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2-қабат, тел.: 8725 (33) 5-97-10; электрондық пошта: org.otdel2024@mail.kz ұсынады.

Дата публикации
22 апреля 2025