Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бос тұрған «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.
Мекеменің атауы: «Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері: 161000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 59.
Мекеме қызметінің негізгі бағыты: спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге жаттығулар өткізу, спорттық резерв даярлау.
Функционалдық міндеттері:
Өз құзыреті шегінде ұйымның қаржы-шаруашылық және ұйымдастыру қызметтеріне басшылық етеді; ұйымның белгіленген есептік құжаттамасын сапалы және уақытылы жасауды қамтамасыз етеді; бөлімшенің қызметінде заңдылық сақтауды және олардың қаржылық басқару, келісімшарт және қаржылық тәртіптерді, әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайта отырып, құқықтық тәсілдерді пайдалануда шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды, еңбекте қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді; құрылымдық бөлімшелерде еңбек тәртібін қамтамасыз етуді жүзеге асырады; ұйымның кешенді экономикалық талдауын және қаржылық-шаруашылық нәтижелерін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: бизнес және басқару немесе құқық; дене шынықтыру және спорт саласында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.
Білуі тиіс: Конституция; Еңбек кодексі; "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары;педагогика, психология және физиология негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар немесе бизнес және басқару немесе құқық;
Дене шынықтыру және спорт саласында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе ұйымның бейініне сай ұйымдарда басшылық лауазымында жұмыс өтілінің кемінде 3 жыл болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
8) Үміткердің болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекен-жайға: 160021, Түркістан қаласы, «Түркістан-Арена», 162 орам, құрылыс 118, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2-қабат, тел.: 8725 (33) 5-97-10; электрондық пошта: org.otdel2024@mail.kz ұсынады.