Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №48

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ №48

 

Түркістан қаласы                                                    «31» тамыз 2026 жыл

Қатысқандар:

Комиссия төрағасы:  

Байсариев Мэлс Жаулыбаевич - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

Комиссия мүшелері:

Керимбеков Жандос Сулайманович - Жоғары спорт жетістіктерін дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы;

Ускенбаев Самат Усенович - Бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы;

Куанышова Маржан Сапарбаевна - Қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Боранбайұлы Мағжан - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;

Найзабеков Марат Бектемирович – «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының бас хатшысы.

Комиссия хатшысы: 

Г.Аймбетова - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

 

Күн тәртібі:

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурстың әңгімелесу сатысын  өткізу туралы.

 

Тыңдалды:

 

Г.Аймбетова:  Күн тәртібі бойынша сөз сөйлеп, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына 3 азаматтық қызметші түсетіндігін айтып, комиссия мүшелеріне конкурсқа құжаттарын тапсырған азаматтардың тізімін ұсынды.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына:  

  • Атаханов Болатбек Жуманович;
  • Ахантаев Ербол Бейсенович;
  • Есимханович Асылбек Калдархановичпен әңгімелесу жүргізіліп, сұрақтарға жауап алынды.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 1-ші үміткер  Б.Атахановқа  комиссиясының мүшелері бір ауыздан дауыс бермеді.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 2-ші үміткер  Е.Ахантаевқа комиссиясы мүшелерінің бесеуі (5) дауыс беріп, біреуі (1) қалыс қалды.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 3-ші үміткер  А.Есимхановичке  комиссиясының мүшелері бір ауыздан дауыс бермеді.

 

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

 

Комиссия мүшелерінің басым дауысы берілген  Ахантаев Ербол Бейсенович Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шардара аудандық №2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы бос лауазымына тағайындау үшін ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрағасы:                             М.Байсариев

Комиссия мүшелері:  

Ж.Керимбеков

 

С.Ускенбаев

 

М.Куанышова

 

 

М.Боранбайұлы

 

М.Найзабеков

 

Комиссия хатшысы:                                     

Г.Аймбетова

 

хабарландыру
Дата публикации
02 сентября 2026