Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасы бойынша ақпарат
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және спортпен шұғылдану мүмкіндігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру тәсілімен мемлекеттік тапсырыстар жүзеге асырылуда.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 және №119 бұйрықтарымен бекітілген әдістемелері негізінде жүзеге асырылады.
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы оператор болып табылады.
Қазіргі таңда, Түркістан облысында мемлекеттік спорттық тапсырманы жүргізу үшін «QazTiQet» ЖШС-і мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы 3 жылға тегін басқаруға келісім шарт түзілді.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасы «DamuBala.kz» платформасы арқылы жүзеге асырылып келуде. Осы ақпараттық жүйеде спорттық тапсырысты жүзеге асырамын дейтін өнім берушілер (кәсіпкерлер) жоғарыда айтылған бұйрықтарға сәйкес өз құжаттарын тапсыру арқылы қатыса алады.
Қазіргі таңда, «damubala» ақпараттық жүйесінде 379 өнім беруші 1 400 өтінім 21 200 ваучер (бала) 29 450 бала кезекте тіркелген.
Өнім берушілерге жаңадан спорт секциясын ашу үшін келесі құжаттар тізімі ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидасына» сәйкес, «damubala.kz» ақпараттық жүйесінде келесі құжаттар тізімін ұсынады.
|
Анықтама: 1) жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер талоны, немесе жеке кәсіпкер куәлігі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 2) спорт секция қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өнім берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады. Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжаттың мерзімі өнім беруші өтініш берген күннен кейін кемінде 10 (он) айды құрайды. Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдаланған жағдайда қызмет көрсету туралы шарт ұсынылады, онда құқық белгілейтін құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті беруші тікелей теңгерім ұстаушы болып табылады; 3) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес ұйым ғимаратының/үй-жайларының санитариялық эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі; 4) өнім беруші бекіткен спорт түрлерінен оқу бағдарламасын. 5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің тізімі. |
Сабақтар өткізу үшін ғимаратқа қойылатын талаптар Қағиданың 18 және 19 тармақтарымен анықталады
|
Анықтама: 1.Сабақ өткізуге арналған үй-жай орналасқан ғимарат бөлек санитариялық тораппен және мыналармен жабдықталады: 1) дәретханамен. Кәрізденбеген жерде санитариялық-аулалық қондырғылар орнатуға жол беріледі; 2) ыстық және суық суы бар қолжуғышпен; 3) душ бөлмелерімен; 4) жеке гигиена құралдарымен, оның ішінде дәретхана қағазымен және сабынмен; 5) жарықтандыру; 6) қол кептіргішпен немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен. 2. Сабақ өткізуге арналған үй-жай жабдықталады: 1) топтағы балалардың рұқсат етілген шекті санынан кем емес жеке шкафтармен жабдықталған киім шешетін орынмен; 2) бейне мұрағатты кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіледі; 3) өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №119 бұйрығында бекітілген 64 спорт секциясы бар. Соның ішінде Түркістан облысында 18 спорт секциясымен балалар шұғылдануда.
|
Анықтама: |
|
|
Жазғы олимпиадалық спорт түрлері 1.Баскетбол 10 жастан бастап 2. Бокс 10 жастан бастап 3. Еркін күрес 10 жастан бастап 4. Грек-рим күресі 10 жастан бастап 5. Классиалық волейбол 9 жастан бастап 6. Спорттық гимнастика 5 жастан бастап 7. Көркем гимнастика 5 жастан бастап 8. Дзюдо 10 жастан бастап 9. Каратэ 8 жастан бастап 10. Таеквондо (WTF) 8 жастан бастап 11. Жүзу 7 жастан бастап 12.Үстел теннисі 6 жастан бастап 13. Теннис 5 жастан бастап 14. Футбол 8 жастан бастап 15. Жеңіл атлетика 9 жастан бастап Қысқы олимпиадалық спорт түрлері 16. Конькимен жүгіру спорты 9 жастан бастап 17. Мәнерлеп сырғанау 4 жастан бастап 18. Шаңғы спорты 9 жастан бастап 19. Шайбалы хоккей 5 жастан бастап Ұлттық спорт түрлері 20.. Қазақ күресі 10 жастан бастап Олимпиадалық емес спорт түрлері 21. Футзал 8 жастан бастап 22. Спорттық би 6 жастан бастап 23. Шахмат 7 жастан бастап Көру кемістігі бар мүгедектер арасындағы спорт түрлері 24. Голбол 10 жастан бастап 25. Дзюдо 10 жастан бастап 26. Жеңіл атлетика 10 жастан бастап 27. Жүзу 8 жастан бастап 28. Шахматтар 8 жастан бастап 29. Дойбы 8 жастан бастап
|
Есту кемістігі бар мүгедектер арасындағы спорт түрлері 30. Бадминтон 8 жастан бастап 31. Баскетбол 8 жастан бастап 32. Еркін күрес 8 жастан бастап 33. Грек-рим күресі 8 жастан бастап 34.Волейбол 8 жастан бастап 35. дзюдо 8 жастан бастап 36. Каратэ 8 жастан бастап 37. Таэквондо (WTF) 8 жастан бастап 38. Жеңіл атлетика 8 жастан бастап 39. Жүзу 8 жастан бастап 40. Теннис 8 жастан бастап 41. Үстел теннис 8 жастан бастап 42. Футбол 8 жастан бастап 43. Футзал 8 жастан бастап 44. Шахматтар 6 жастан бастап 45. Дойбы 6 жастан бастап Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек спортшылар арасындағы спорт түрлері 46. Отырып ойнайтын волейбол 10 жастан бастап 47. Жеңіл атлетика 10 жастан бастап 48. Жүзу 6 жастан бастап 49. Үстел теннисі 10 жастан бастап 50. Дартс 8 жастан бастап 51. Шахматтар 4 жастан бастап 52. Спорттық би 7 жастан бастап 53. Тұрып ойнайтын волейбол 10 жастан бастап 54. Бочча 6 жастан бастап 55. Футбол 7х7 8 жастан бастап Интеграцияланған топтарға арналған спорт түрлері 56. Адаптивті жүзу 6 жастан бастап 57. Адаптивті каратэ 6 жастан бастап 58. Адаптивті таеквондо 6 жастан бастап 59. Барлығына арналған Бочча 6 жастан бастап 60. Адаптивті футбол 6 жастан бастап 61. Адаптивті баскетбол 12 жастан бастап 62. Адаптивті бадминтон 8 жастан бастап 63. Адаптивті волейбол 12 жастан бастап 64. Адаптивті теннис 12 жастан бастап |
Ата-ана өз балаларын тегін спорт секциясына қатыстыру үшін «damubala.kz» ақпараттық жүйесіне жеке электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланып ақпараттық жүйеге тіркелу қажет. Баласының туу туралы куәлігін тіркей отырып, тұрғылықты жеріне жақын маңдағы мемлекеттік спорттық тапсырма бағдарламасына рұқсат алған өнім берушінің (кәсіпкердің) спорт секциясына жазыла алады. (Әр бала 1 ғана спорт түріне тегін қатыса алады).