«Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ №46

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы бос лауазымына конкурстық комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ №46

 

Түркістан қаласы                                                      «25» тамыз 2026 жыл

Қатысқандар:

Комиссия төрағасы:  

Байсариев Мэлс Жаулыбаевич - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

Комиссия мүшелері:

Керимбеков Жандос Сулайманович - Жоғары спорт жетістіктерін дамыту және мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы;

Ускенбаев Самат Усенович - Бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы;

Куанышова Маржан Сапарбаевна - Қаржыландыру және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Боранбайұлы Мағжан - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;

Найзабеков Марат Бектемирович – «Түркістан облысы футбол федерациясы» заңды тұлғалар қауымдастығының бас хатшысы.

Комиссия хатшысы: 

Г.Аймбетова - Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.

 

Күн тәртібі:

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік  мекемесіндегі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа жіберу туралы.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына конкурсқа қатысуға келіп түскен құжаттарды қарау туралы және конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімін бекіту.

Тыңдалды:

Г.Аймбетова: күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлеп, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми интернет-ресурсында 2026 жылғы 12-20 тамыз күндері аралығында жарияланған конкурстық хабарландыруға сәйкес «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бос лауазымына орналасу үшін келесі үміткерлерден құжаттар келіп түскенін хабарлады:

1) Сыздыков  Нурдаулет Агатаевич;

2) Даменов Аккали Касенович;.

Үміткерлер ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №171 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №264 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес қаралып, кандидаттардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі анықталды.

 

Конкурстық комиссия келіп түскен құжаттарды қарап шығып,  бір ауыздан ШЕШТІ:

Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, оларды конкурс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес деп таныды.

Осыған байланысты Сыздыков  Нурдаулет Агатаевич, Даменов Аккали Касенович, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға және әңгімелесу кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдансын..

          Әңгімелесу 2026 жылғы 31 тамызда сағат 16:00-де Түркістан қаласы, 162-орам, 118-құрылыс, «Turkistan-Arena» стадионы мекенжайында өткізілсін.

 

Комиссия төрағасы:                             М.Байсариев

Комиссия мүшелері:  

Ж.Керимбеков

 

С.Ускенбаев

 

М.Куанышова

 

 

М.Боранбайұлы

 

М.Найзабеков

 

Комиссия хатшысы:                                     

                                 

Г.Аймбетова

хабарландыру
Дата публикации
25 августа 2026