Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №139 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді.
- Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу.
- "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.
- Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру.
- Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 281 қызмет, 2020 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 100 қызмет көрсетілген.
Сондай-ақ, аталған уақыттарда мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі бұзылуы жағдайлары орын алмаған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар тіркелмеген.