Мүгедек спортшы тыныс тіршілігінің шектелуіне әкеліп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден ағза функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен айналысатын жеке тұлға.
Мүгедектер спорты дене бесенділігі мен зяткерлік мүмкіндітері шектеулі адамдар арасындағы дамытылатын спорт түрлері.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп спорттық iс-шараларды өткізуді, мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.