Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары)  жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті: «Шардара ауданының Қызылқұм а/о, Қызылқұм е/м даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы)»:

1) жобаларына жалпы түсіндірме жазбалар;

2) жобаларының бас жоспар сызбалары;

3) жобаларының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға әсер ету скринингтері;

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Еlcon Engineering» ЖШС.

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Шардара ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Шардара ауданы әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2045 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылдың 26 наурыздан 08 сәуірге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 08 сәуір).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz  n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. 

СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

Шардара ауданы әкімдігінің сайтында.

Дата публикации
27 марта 2026